Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1996 года № 1747 и от 30 мая 1997 года № 907

Қаулы · № 1644 · қабылданған 24.11.1997
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-1996-no-1747-30-1997-no-907/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1996 года № 1747 и от 30 мая 1997 года № 907 Күшін жойған 27.10.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1996 года № 1747 и от 30 мая 1997 года № 907

Күшін жойған Қаулы № 1644 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1996 года № 1747 и от 30 мая 1997 года № 907
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1747 және 1997 жылғы 30 мамырдағы № 907 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1644
Қабылданған күні
24.11.1997
Көрсетілген редакция
27.10.1998 AI1744_1.kaz
Соңғы өзгеріс
27.10.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P970001644_
ЭКБ идентификаторы
1744
Редакция идентификаторы
AI1744_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:53
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1747 және 1997 жылғы 30 мамырдағы N 907 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР
Үкiметiнiң 27.10.1998 № 1087 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай

өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
"Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн акциздеуге жататын
тауарларға және құмар ойын бизнесiне арналған акциздердiң ставкалары
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31
желтоқсандағы N 1747

қаулысына (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 516-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
"Спирттiң барлық түрi (тауар өндiрушiде осындай
     өнiмдi шығару құқығына Қазақстан Республикасының
     лицензиясы болған жағдайда ликер-арақ, күшейтiлген
     сусындар, күшейтiлген шырындар, шарап, бальзам,
     емдiк және фармацевтiк дәрi-дәрмектер жасауға
     босатылғандарынан, сондай-ақ мемлекеттiк медици.
     налық мекемелерге босатыландарынан басқа)          3,0 экю/литр"

     деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

     "Спирттiң барлық түрi (тауар өндiрушiде
     көрсетiлген өнiмдi шығару құқығына
     Қазақстан Республикасының лицензиясы
     болған жағдайда емдiк және фармацевтикалық
     дәрi-дәрмектердi дайындау үшiн босатылатын.
     дықтарынан, сондай-ақ мемлекеттiк медициналық
     мекемелерге босатылатындарынан басқа)             0,3 экю/литр"
     "Коньяктар 0.3 экю/литр" деген жол алынып тасталсын;
"Өңделмеген мұнай" деген жолдағы 2-бағандағы "7 экю/тонна"

деген сөздер "3 экю/тонна" деген сөздермен толықтырылсын;
     мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     "Электр энергиясы                  0,03 теңге-кВт. сағат"
"Импортталатын акцизделетiн тауарларға арналған акциздердiң
ставкалары және жеке адамдардың Қазақстан Республикасының кеден
шекарасы арқылы алып өтетiн, акциз салуға жатпайтын акцизделетiн
тауарлардың нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997
жылғы 30 мамырдағы N 907

қаулысына (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 23, 209-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
"2207,  Спирттiң барлық түрлерi (тауар өндiрушiнiң
     2208-   ликер-арақ бұйымдарын, күшейтiлген
     ден"    сусындарды, күшейтiлген шырындарды,
             шараптарды, бальзамды өндiру құқығына
             Қазақстан Республикасының лицензиясы
             бар болса, аталған өнiмдердi әзiрлеу
             үшiн әкелiнетiндерiнен басқа)              3,5 экю/литр
             Күшейтiлген сусындар, күшейтiлген
             шырындар мен бальзамдар, арақ, ликер-
             арақ бұйымдары, коньяктар                  3,0 экю/литр"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"2207,  Спирттiң барлық түрлерi
     2208-
     ден                                                0,3 экю/литр
             Күшейтiлген сусындар, күшейтiлген
             шырындар мен бальзамдар, арақ, ликер-
             арақ бұйымдары, коньяктар                  1,7 экю/литр"
"2709 00-ден өңделмеген мұнай" деген жолдағы 3-бағандағы "7,0 экю/тонна" деген сөздер "3,0 экю/тонна" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"271600000 Электр энергиясы 0,03 теңге/кВт. сағат".

2. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.

3. Осы қаулы спирттiң барлық түрлерi, күшейтiлген сусындар, күшейтiлген шырындар мен бальзамдар, арақ, ликер-арақ бұйымдары, коньяктар, сондай-ақ өңделмеген мұнай бойынша 1997 жылдың 1 желтоқсанынан бастап, ал электр энергиясы бойынша - 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.