Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года № 1376

Қаулы · № 83 · қабылданған 04.02.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-1998-no-1376/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года № 1376 Күшін жойған Қаулы ·№ 83 ·04.02.1999
20.02.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года № 1376

Күшін жойған Қаулы ·№ 83 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года № 1376
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1376 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
83
Қабылданған күні
04.02.1999
Көрсетілген редакция
20.02.2008 AI2103_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.02.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P990000083_
ЭКБ идентификаторы
2103
Редакция идентификаторы
AI2103_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:21

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1376 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20. N 171 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тауарлардың импорты кезінде уақытша шектеулер енгізу туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1376 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1 1) 1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"1999 жылдың 11 қаңтарынан 23 маусымына дейін Қазақстан Республикасының аумағына, қосымшаға сәйкес, шыққан елі Ресей Федерациясы болып табылатын тауарларды, сондай-ақ:
Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен өткізілетін тауарлардың алушысы Қазақстан Республикасы немесе үшінші елдер болып табылатын;
Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан әскери құралымдарының жүктері әскери көліктің нөмірлерімен теміржол көлігімен жеткізілетін жағдайларды қоспағанда, кедендік ресімдеу Ресей Федерациясының аумағында жүргізілген үшінші елдердің тауарларын әкелуге тыйым салынсын;

2 2) 3-тармақтағы "сондай-ақ Өзбекстан Республикасының Үкіметін" деген сөздер алынып тасталсын;

3 3) көрсетілген қаулыға қосымшада:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелу кезінде оларға қатысты уақытша тыйым салу қолданылатын тауарлардың тізбесі";
"СЭҚ ТН коды Тауарлардың қысқаша атауы" деген бағандарда:
"040700" деген жолдағы "немесе пісірілген" деген сөздер "(Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік асыл тұқымды мал өсіруді қадағалауының рұқсаты болған кезде инкубаторға арналған құстардың жұмыртқаларын қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын;
1001 жолдағы "Бидай мен меслин" деген сөздерден кейін "(өндіру немесе селекциялық жұмыстар үшін әкелінетін Ресей селекциясының бидайы сорттарын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
"1902 Спагетти, макарондар, кеспе сияқты
жылумен өңдеуге жатқызылған немесе
жатқызылмаған, ашымаған қамырдан
жасалған бұйымдар"
деген жолдан кейін:
"210210 Жылдам ашытқылар"
деген жолмен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы