О внесении изменений в совместное постановление акимата Каракиянского района от 31 марта 2000 года № 3/31 и решение Каракиянского районного маслихата от 31 марта 2000 года № 2/30 «Об изменении границы поселка Жетыбай»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместное постановление акимата Каракиянского района от 31 марта 2000 года № 3/31 и решение Каракиянского районного маслихата от 31 марта 2000 года № 2/30 «Об изменении границы поселка Жетыбай»
- Атауы (қаз.)
- Қарақия ауданы әкімдігінің 2000 жылғы 31 наурыздағы №3/31 және Қарақия аудандық мәслихатының 2000 жылғы 31 наурыздағы №2/30 «Жетібай поселкесінің шекарасын өзгерту туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6/78
- Қабылданған күні
- 09.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 09.12.2016 109000_141871.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16MD003251
- ЭКБ идентификаторы
- 109000
- Редакция идентификаторы
- 109000_141871
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:59
0 Қарақия ауданы әкімдігінің 2000
жылғы 31 наурыздағы №3/31 және
Қарақия аудандық мәслихатының
2000 жылғы 31 наурыздағы №2/30
«Жетібай поселкесінің шекарасын
өзгерту туралы» бірлескен қаулысы
мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», 2013 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарына және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 308 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/331 «Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 70-1 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 ақпандағы № 9/119 «Қарақия ауданының Жетібай және Мұнайшы кенттерін «ауыл(село)» санатына жатқызу туралы» қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2000 жылғы 31 наурыздағы №3/31 және Қарақия аудандық мәслихатының 2000 жылғы 31 наурыздағы №2/30 «Жетібай поселкесінің шекарасын өзгерту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000 жылғы 26 сәуірде № 212 болып тіркелген) бірлескен қаулысы мен шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулы мен шешімнің:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Жетібай ауылының шекарасын өзгерту туралы»;
кіріспе бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», 2013 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына және Маңғыстау облыс әкімдігінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 308 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/331 «Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 70-1 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 ақпандағы № 9/119 «Қарақия ауданының Жетібай және Мұнайшы кенттерін «ауыл (село)» санатына жатқызу туралы» қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы» бірлескен қаулы мен шешіміне сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
мәтіні жаңа редакцияда жазылсын:
«Жетібай ауылының шекарасына қарасты «Ұлутас» ашық акционерлік қоғамының жерлерін ауданның босалқы жер қорына жатқызу арқылы өзгеріс енгізілсін.».