О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2001 года N 161
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2001 года N 161
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 161 қаулысына өзгерістер мен тоқтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 499
- Қабылданған күні
- 24.05.2005
- Көрсетілген редакция
- 10.09.2015 AI24132_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050000499_
- ЭКБ идентификаторы
- 24132
- Редакция идентификаторы
- AI24132_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:42
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 161 қаулысына өзгерістер мен тоқтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1 1. "Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 161 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 51-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекiтілген Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң ережесiнде:
мәтiнде:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетін жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Жарлығына", "Жарлық", "Жарлыққа" деген сөздер тиісiнше "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестiрiлген адамдарға берілетін жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі N 2247 Заңына ", "Заң", "Заңға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"республикалық бюджеттен" деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақ алынып тасталсын;
5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) азаматтарды тіркеу кiтабы.";
6-тармақта:
7) тармақшада "адамның" деген сөздiң алдынан "(қайтыс болған)" деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"фабрика-зауыт училищелерiнде оқыған фактiсiн растайтын анықтамалар";
12) тармақшада "мүгедектiк тобын" деген сөздер "мүгедектіктi" деген сөзбен ауыстырылсын;
14) тармақшада "отбасының құрамы туралы анықтамалар" деген сөздер "азаматтарды тiркеу кiтабы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 19-1, 19-2, 19-3-тармақтармен толықтырылсын:
"19-1. Арнайы комиссиялар жұмыс стажын белгiлеудi өтiнiш берушiнi бiр кәсіпорында, ұйымда, мекемеде, ұжымшарда бiрге iстеген жұмысы бойынша бiлетiн және оған қатысты өтiнiш берушiнiң жұмысын растайтын уақыт ішінде өзiнiң жұмысы туралы құжаттары, оның iшiнде егер зейнетақы iсiндегi деректер бойынша еңбек стажы куәгердiң айғақтары бойынша зейнетақы тағайындалғанда ескерілсе, куәгерлердiң өздерiнiң жауаптарының хаттамалары бар, бiр куәгер айғағының негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
19-2. Арнайы комиссиялар куәгерлердi жеке айғақтар үшiн шақыру немесе куәгерлердің қолының түпнұсқа екендiгi нотариалды тәртiппен куәландырылған кезде олардың жазбаша айғақтарын қараумен шектелу туралы мәселенi өз қалауы бойынша шешедi.
19-3. Өтiнiш берушiде жұмыс фактiсi туралы құжаттар сақталмаған, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырдағы жұмысын растайтын куәгерлердi ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайларда жұмыс фактiсiн арнайы комиссия Ардагерлер кеңестерiнiң қолдаухаттары негiзiнде белгiлейдi.
Қолдаухатқа мұрағат органдарының, ұйымдардың мұрағаттардың жоқтығы туралы анықтамалары қоса беріледi.";
Ережеге 9-қосымшада:
"жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органының" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақ алынып тасталсын;
Ережеге 10-қосымшада тақырыптағы "(жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органының)" деген сөздер алынып тасталсын.