О внесениии изменений в приказ Председателя Комитета по государственному контролю над производством и оборотом подакцизной продукции Министерства государственных доходов Республики Казахстан от 31 марта 2001 года № 42 "О правилах реализации этилового спирта производителям алкогольной продукции (кроме пива)"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесениии изменений в приказ Председателя Комитета по государственному контролю над производством и оборотом подакцизной продукции Министерства государственных доходов Республики Казахстан от 31 марта 2001 года № 42 "О правилах реализации этилового спирта производителям алкогольной продукции (кроме пива)"
- Атауы (қаз.)
- "Алкоголь өнімін (сырадан басқа) өндірушілерге этил спиртін сату ережелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Акцизделетін өнімдерді өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті Төрағасының 2001 жылғы 31 наурыздағы № 42 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 370
- Қабылданған күні
- 15.07.2011
- Көрсетілген редакция
- 25.09.2012 AI60222_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.09.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100007119
- ЭКБ идентификаторы
- 60222
- Редакция идентификаторы
- AI60222_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:58
0
"Алкоголь өнімін (сырадан басқа) өндірушілерге этил спиртін сату ережелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Акцизделетін өнімдерді өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті Төрағасының 2001 жылғы 31 наурыздағы № 42 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Алкоголь өнімін (сырадан басқа) өндірушілерге этил спиртін сату ережелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі-Акцизделетін өнімдерді өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті Төрағасының 2001 жылғы 31 наурыздағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1496 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Алкоголь өнімін (сырадан басқа) өндірушілерге этил спиртін сату ережесінде:
10-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«10. Жеткізуші этил спиртін сатуды акциздік қосын қызметкерлерінің қатысуымен ғана жүзеге асыруы керек.»;
11-тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«11. Этил спиртін теміржол цистернасымен сату уәкілетті тұлғаның төлқұжаты мен этил спиртін босату туралы Жеткізуші басшысының немесе бірінші басшы міндетін атқарушы тұлғаның өкімі жазылған жалпы белгіленген сенімхат акциздік қосынның қызметкеріне көрсетілгеннен кейін жүзеге асырылуы керек.»;
12-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«12. Акциздік қосынның қызметкері Жеткізуші мен Алушының хабарламаларында көрсетілген мәліметтердің осы Ережелердің 4-тармағына сәйкес Алушы тапсырған мәліметтерге өзара сәйкестігін, сондай-ақ автоцистернаның метрологиялық салыстырып тексеру актісін (этил спиртінің құбырмен тасымалдануынан басқа жағдайларда) тексеруі керек және олар сәйкес келген жағдайда этил спиртін сатуға қатысады.»;
17-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«17. Этил спирті сақталатын спирт қоймасы резервуарларының қол жететін жерлері күн сайын сағат 17-ден таңғы сағат 10-ға дейін, сондай-ақ сенбі, жексенбі және мереке күндері жабылып, оны акциздік қосынның қызметкері Жеткізуші қызметкерінің қатысуымен пломбалауы керек.»;
22-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«22. Жеткізуші және Алушы этил спиртін сатуға тыйым салу туралы шешімге байланысты Басқарма және акциздік қосынның әрекетіне Комитетке немесе сот органдарына шағым жасауға құқылы.».