О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2002 года N 1158
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2002 года N 1158
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 825
- Қабылданған күні
- 18.08.2003
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2007 AI16631_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P030000825_
- ЭКБ идентификаторы
- 16631
- Редакция идентификаторы
- AI16631_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 21:02
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ауыл шаруашылығы өнімдерін ішкі және сыртқы рыноктарға жеткізу көлемін үдету, ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдаудың ұтымды шаралары шеңберінде азық-түлік импортының деңгейін төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 1. "Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 тамыздағы N 1158 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 37, 390-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесінде:
2-тараудың 8-параграфы мынадай редакцияда жазылсын:
"$8. Ауыл шаруашылығы өнімдері мен оның өңделген өнімдерін, сондай-ақ оларды сақтау мен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізудің ерекшеліктері.
72. Ауыл шаруашылығы өнімдері мен оның өңделген өнімдерін, сондай-ақ оларды сақтау мен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алуды бюджеттік кредиттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленген жеткізушілер (агенттер) жүзеге асырады.
73. Бюджеттік кредиттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражаты есебінен жеткізушілер (агенттер) жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы өнімдерін және оның өңделген өнімдерін, сондай-ақ оларды сақтау мен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді".