О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2002 года № 1158
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2002 года № 1158
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы № 1158 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1173
- Қабылданған күні
- 29.11.2005
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2007 AI25923_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050001173_
- ЭКБ идентификаторы
- 25923
- Редакция идентификаторы
- AI25923_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:12
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Автомобиль жолдарын салуды және қайта жаңартуды жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік сатып алудың сапалы және тиімді нәтижесіне қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiмeтi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiмeтiнің 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПУКЖ-ы, 2002 ж., N 37, 390-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесінде:
47-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Құрылыс мерзімі бip жылдан асатын автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту жөніндегі конкурстарға арналған конкурстық құжаттаманың құрамында конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мердігерге мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімі iшiнде, егер материалдардың, жұмыс күшінің және жанар-жағар май материалдарының құны сметадан кемінде он пайызға асып кетсе, сметаны қайта қарау жолымен осы құнның өсуіне байланысты шығындарды өтеуді қарастыруға құқылы.
Автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту жөніндегі конкурста жеңіп шыққан беруші жыл сайын мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан сәттен бастап азаматтық заңнамаға сәйкес тапсырыс берушіге белгіленген нысанда өтiнiм беруге құқылы, онда материалдардың, жұмыс күшінің және жанар-жағар май материалдарының өскен құнын көрсетуі тиіс.
Көрсетілген өтінімді қарау қорытындылары бойынша конкурста жеңіп шыққан бepушi мемлекеттік сатып алу туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жобалау-сметалық құжаттамаға және техникалық-экономикалық негіздемеге заңнамада белгіленген тәртіппен қайта сараптауға жататын тиісті өзгерістер енгізеді.
Техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы сараптаудың оң қорытындысына сәйкес бюджет қаражатын қосымша бөлу мәселелері заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.".