Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года N 1386

Қаулы · № 682 · қабылданған 20.06.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2003-n-1386/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года N 1386 Күшін жойған Қаулы ·№ 682 ·20.06.2004
24.11.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года N 1386

Күшін жойған Қаулы ·№ 682 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года N 1386
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1386 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
682
Қабылданған күні
20.06.2004
Көрсетілген редакция
24.11.2016 AI20248_1.kaz
Соңғы өзгеріс
24.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P040000682_
ЭКБ идентификаторы
20248
Редакция идентификаторы
AI20248_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:59

0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1386 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1 1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1386 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 50, 575-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы ережеде:
4-тармақтың 3) тармақшасындағы "жүзеге асырады" деген сөздерден кейiн ", соның iшiнде қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк бағалы қағаздардың және өзге де өтiмдi қаржы құралдарының тiзбесiне сәйкес мерзiмдi депозиттерге тартылатын жеке тұлғалардың салымдарын мемлекеттiк бағалы қағаздарға және өзге де өтiмдi қаржы құралдарына орналастырады" деген сөздермен толықтырылсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

0 Мемлекеттiк бағалы қағаздардың және өзге де өтiмдi қаржы құралдарының тiзбесi

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 21 маусымдағы
N 682 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының
Ұлттық почта операторы
туралы ережеге қосымша
Мемлекеттiк бағалы қағаздардың және өзге де өтiмдi қаржы құралдарының тiзбесi

1 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылғандарды қоса алғанда), Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздарынан басқа.

2

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi, сондай-ақ орналастыру күнi бағалы қағаздары сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тiзiмiне ең жоғары санат бойынша енгiзiлген екiншi деңгейдегi банктердегi және/немесе резидент емес бас банктiң "А" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтiк агенттiктердiң жiктемесi бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтингтiк агенттiктiң жiктемесi бойынша) санаттарынан төмен емес ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi және жеке рейтинг бар, еншiлес резидент-банктегi салымдар.

3 3. "АА"-дан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттiктердiң жiктемесi бойынша) немесе "Аа"-дан ("Moody's Investors Service" рейтингтiк агенттiктiң жiктемесi бойынша) төмен емес баға алған шетелдiк эмитенттердiң мемлекеттiк емес борыштық бағалы қағаздары.

4 4. Мынадай халықаралық қаржылық ұйымдар шығарған бағалы қағаздар:

Халықаралық қайта құру және даму банкi;
Еуропа қайта құру және даму банкi;
Америкааралық даму банкi;
Халықаралық есеп айырысу банкi;
Азия даму банкi;
Африка даму банкi;
Халықаралық қаржы корпорациясы (Тhе International Finanse Corporation);
Ислам даму банкi;
Еуропа инвестициялық банкi.

5 5. Кредиттік рейтингтiң халықаралық шкаласы бойынша "АА"-дан төмен eмec ("Standard & Poor's" және "Fitch" жiктемесi бойынша) немесе "Аа2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" жiктемесi бойынша) рейтингтiк баға алған шетел мемлекеттерiнiң бағалы қағаздары.

6 6. Агенттiк облигациялар, сондай-ақ сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тiзiмiне ең жоғары санат бойынша енгiзiлген Қазақстан Республикасы ұйымдарының ипотекалық облигациялары.

7 7. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тiзiмiне ең жоғары санат бойынша енгiзiлген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы ұйымдарының өзге де мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздары.

Қолданыстағы