Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1270

Жарлық · № 20 · қабылданған 18.01.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2003-no-1270-ekb-26408/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1270 Күшін жойған Жарлық ·№ 20 ·18.01.2006
12.08.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1270

Күшін жойған Жарлық ·№ 20 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1270
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
20
Қабылданған күні
18.01.2006
Көрсетілген редакция
12.08.2011 AI26408_2.kaz
Соңғы өзгеріс
12.08.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U060000020_
ЭКБ идентификаторы
26408
Редакция идентификаторы
AI26408_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:00

0 Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1270 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1 1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1270 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 640-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
"4-1. Агенттiк қаржы жылы iшiнде шығыстарды өтеумен байланысты өзге де қаржылық түсiмдердi:
1) заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiндегi;
2) қайта ұйымдастырылуға орай Агенттiкке құқықтар мен мiндеттер берумен байланысты;
3) қаржы ұйымдарының қызметкерлерi үшiн Агенттiк ұйымдастырған оқыту шығыстарын өтейтiн;
4) қызметтiк емес сипаттағы көлiктiк қызмет, қалааралық және халықаралық сөйлесулер үшiн өтем ретiнде Агенттiк қызметкерлерiнен алынған;
5) шығыстарды өтеумен байланысты өзге де қаржылық түсiмдердi жинақтайды.
4-2. Қаржы жылының нәтижелерi бойынша, Ұлттық Банкпен келiсiлген мерзiмде, Агенттiк Төрағасының не оның орнындағы адамның шешiмi негiзiнде осы Ереженiң 4-1-тармағында көзделген қаржылық түсiмдер Ұлттық Банктiң бюджетiне аударылады.";
9-тармақта "480091" деген цифрлар "050000" деген цифрлармен ауыстырылсын;
15-тармақта:
8) тармақшада "мен рұқсаттардың" деген сөздер алынып тасталсын;
11) тармақша алынып тасталсын;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) бағалы қағаздар нарығында жұмыс iстеу үшiн жеке тұлғаларға аттестация жүргiзу және бiлiктiлiк куәлiктерiн беру, сондай-ақ бiлiктiлiк куәлiктерiнiң қолданылуын тоқтата тұру немесе қайтарып алу тәртiбiн белгiлейдi;";
17) және 19) тармақшалар алынып тасталсын;
33) тармақшада "және бағалы қағаздар нарығында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздер алынып тасталсын;
35) тармақша алынып тасталсын;
17-тармақтың екiншi және үшiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Агенттiктiң Басқармасы жетi адамнан тұрады.
Агенттiк Басқармасының құрамына Агенттiктiң Төрағасы және Агенттiктiң лауазымды тұлғалары, Қазақстан Республикасының Президентiнен және Ұлттық Банктен бiр-бiрден, Қазақстан Республикасының Yкiметiнен екi өкiл кiредi.";
18-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) қаржы нарығындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияларды беру, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың, қызметiн жаңартудың, қайтарып алудың тәртiбiн белгiлеу, сондай-ақ осы лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру, қызметiн жаңарту және қайтарып алу туралы шешiмдер қабылдау;";
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) кредиттiк бюролар қызметiн жүзеге асыру құқығына арналған лицензияларды беру, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың, қызметiн жаңартудың тәртiбiн белгiлеу, сондай-ақ осы лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру, қызметiн жаңарту туралы шешiмдер қабылдау;";
21-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) қаржы нарығындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияларды, кредиттiк бюролар қызметiн жүзеге асыру құқығына арналған лицензияларды беру туралы шешiмдер қабылдайды;".

2 2. Осы Жарлық 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармақтың он төртiншi абзацын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы