Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1270

Жарлық · № 575 · қабылданған 23.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2003-no-1270/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1270 Күшін жойған Жарлық ·№ 575 ·23.04.2008
12.08.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1270

Күшін жойған Жарлық ·№ 575 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1270
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1270 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
575
Қабылданған күні
23.04.2008
Көрсетілген редакция
12.08.2011 AI39086_2.kaz
Соңғы өзгеріс
12.08.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U080000575_
ЭКБ идентификаторы
39086
Редакция идентификаторы
AI39086_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:34

0 Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1270 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :

1

1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1270 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 640-құжат; 2006 ж., N 2, 10-құжат; N 17, 156-құжат; 2007 ж., N 15, 171-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Агенттіктің штат санының лимиті 490 бірлік мөлшерінде белгіленсін.";

2 2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі туралы ережеде:

17-тармақта:
екінші абзацта "сегіз" деген сөз "тоғыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзацта "және Ұлттық Банктен" деген сөздер ", Ұлттық Банктен және Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Агенттік Басқармасының Қазақстан Республикасы Президентінен, Қазақстан Республикасы Үкіметінен, Ұлттық Банктен, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінен және Агенттіктен мүшелерін тиісінше Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банк, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі және Агенттіктің төрағасы тағайындайды және босатады.";

3 3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің құрылымында:

"Лицензиялау басқармасы", "Ақпараттық технологиялар басқармасы" деген жолдарда "басқармасы" деген сөз "департаменті" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бөлімі" деген жолда "бөлімі" деген сөз "басқармасы" деген сөзбен ауыстырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2007 жылғы 1 қаңтарға белгіленген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігін қаржыландыру көлемін ұлғайтсын және оның қызметін қамтамасыз етуге қажетті қаражаттың есептелуін қызметкерлердің белгіленген штат санының лимитін ескере отырып жүзеге асырсын.

4 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы