Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1271 «Об утверждении Положения и структуры Национального Банка Республики Казахстан»

Жарлық · № 483 · қабылданған 26.05.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2003-no-1271-ekb-112398/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1271 «Об утверждении Положения и структуры Национального Банка Республики Казахстан» Қолданыста Жарлық ·№ 483 ·26.05.2017
26.05.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1271 «Об утверждении Положения и структуры Национального Банка Республики Казахстан»

Қолданыста Жарлық ·№ 483 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1271 «Об утверждении Положения и структуры Национального Банка Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
483
Қабылданған күні
26.05.2017
Көрсетілген редакция
26.05.2017 112398_189404.kaz
Соңғы өзгеріс
26.05.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1700000483
ЭКБ идентификаторы
112398
Редакция идентификаторы
112398_189404
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:00

0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің

ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан  Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымында:
1-бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қаржылық тұрақтылық департаменті»;
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті»;
реттік нөмірі 8-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 14-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Халықаралық ынтымақтастық департаменті»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-1-жолмен толықтырылсын:
«16-1. Тәуекелдер басқармасы»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 24-1-жолмен толықтырылсын:
«24-1. Ақпараттық қауіп және киберқорғау басқармасы»;
4-бөлім алып тасталсын.

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы