О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1271 «Об утверждении Положения и структуры Национального Банка Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1271 «Об утверждении Положения и структуры Национального Банка Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 31
- Қабылданған күні
- 23.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 23.04.2019 130831_402243.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1900000031
- ЭКБ идентификаторы
- 130831
- Редакция идентификаторы
- 130831_402243
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:15
0 Қазақстан Республикасының
Президенті мен
Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және
құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының
17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратын, оның филиалдарын және өкілдіктерін қоса алғанда жалпы штат саны 2587 адам болып белгiленсiн.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ережеде:
23-тармақтың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы негізінде Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелерінің, филиалдарының және өкілдіктерінің атаулары бар тізбесін, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі ұйымдарының жалпы штат санын бекітеді;»;
24-тармақтың бесінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелерінің, оның филиалдары мен өкілдіктерінің құрылымын, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі ұйымдарының жарғыларын бекітеді;»;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 23 сәуірдегі
№ 31 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1271 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
ҚҰРЫЛЫМЫ