О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1271 «Об утверждении Положения и структуры Национального Банка Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1271 «Об утверждении Положения и структуры Национального Банка Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 514
- Қабылданған күні
- 18.02.2021
- Көрсетілген редакция
- 18.02.2021 153034_513008.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U2100000514
- ЭКБ идентификаторы
- 153034
- Редакция идентификаторы
- 153034_513008
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:30
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Президентi туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ережеде:
4-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Филиал өз қызметінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының, Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті мен Директорлар кеңесінің қаулыларын, Қазақстан Ұлттық Банкінің бұйрықтарын, өкімдерін, Ережені және Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалы туралы ережені басшылыққа алады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Ұлттық Банкі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрықтарымен, Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының, Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің, Директорлар кеңесінің қаулыларымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.»;
21-тармақта:
бірінші бөлікте:
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының, Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің және Директорлар кеңесінің қаулылары негізінде және (немесе) оларды орындау үшін Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің мәселелері бойынша бұйрықтар мен өкімдер шығарады, Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының, Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің және Директорлар кеңесінің қаулыларына қол қояды;
7) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының, Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің және Директорлар кеңесінің отырыстарын жүргізеді;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті мен Директорлар кеңесінің құрамын бекітеді;»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы, Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті мен Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатпайтын кез келген мәселе бойынша шешім қабылдауға, сондай-ақ өз құзыретіне кіретін жекелеген мәселелерді шешуді өзінің орынбасарларына, Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің, филиалдарының және өкілдіктерінің басшыларына тапсыруға құқылы.»;
23-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Басқарма, Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет және Директорлар кеңесі Қазақстан Ұлттық Банкінің органдары болып табылады.»;
үшінші бөлік мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерді жүргізу үшін гранттар ұсыну қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
«23-1. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті ақша-кредит саясаты мәселелері бойынша шешімдер қабылдайтын орган болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті:
1) базалық мөлшерлемені белгілейді;
2) ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілейді;
3) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының айрықша құзыретіне жатпайтын ақша-кредит саясатының өзге де мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның ақша-кредит саясаты, монетарлық операциялар, қаржылық тұрақтылық мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары, функцияларына ақша-кредит саясаты, монетарлық операциялар, қаржылық тұрақтылық мәселелері кіретін Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының шешімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де бөлімшелерінің басшылары кіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметшілері болып табылмайтын, Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы бекітетін талаптарға сәйкес келетін адамдар енгізілуі мүмкін.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің құрамы мен жұмыс регламентін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің отырыстарында Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы төрағалық етеді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.»;
24-тармақта:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі Қазақстан Ұлттық Банкінің жедел басқару органы болып табылады және Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы мен Төрағасының (немесе оның орынбасарларының) құзыретіне кіретін мәселелерді қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің құзырындағы мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді. Қазақстан Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің құрамын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекітеді.»;
бесінші бөліктің 11) тармақшасының төртінші абзацы алып тасталсын.