Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1271 «Об утверждении Положения и структуры Национального Банка Республики Казахстан»

Жарлық · № 1037 · қабылданған 06.10.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2003-no-1271-ekb-172561/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1271 «Об утверждении Положения и структуры Национального Банка Республики Казахстан» Қолданыста Жарлық ·№ 1037 ·06.10.2022
06.10.2022 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1271 «Об утверждении Положения и структуры Национального Банка Республики Казахстан»

Қолданыста Жарлық ·№ 1037 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1271 «Об утверждении Положения и структуры Национального Банка Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1037
Қабылданған күні
06.10.2022
Көрсетілген редакция
06.10.2022 172561_595614.kaz
Соңғы өзгеріс
06.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2200001037
ЭКБ идентификаторы
172561
Редакция идентификаторы
172561_595614
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:35

0 Қазақстан Республикасының

Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және
құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Ұлттық Банкі орталық аппаратының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты.»;
16-тармақта:
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) ұйымдық-құқықтық нысанға қойылатын талаптарды, құрылтайшыларға (қатысушыларға) қойылатын талаптарды, оның ішінде олардың жарғылық капиталға салымдарының шығу көздерін ашуды, жарғылық капиталдың мөлшеріне және оны қалыптастыру тәртібіне, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайына, техникалық құралдарына, жабдығына және қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қамтитын, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;»;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операцияларды тоқтата тұру және оларды жүргізуден бас тарту, өз қызметі процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлігінде сақтауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі бақылауды ұйымдастыруын және іске асыруын бақылауды жүзеге асырады;»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) орталық филиал (Астана қаласы);».

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы