О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1271 "Об утверждении Положения и структуры Национального Банка Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1271 "Об утверждении Положения и структуры Национального Банка Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 557
- Қабылданған күні
- 29.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2013 AI72293_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1300000557
- ЭКБ идентификаторы
- 72293
- Редакция идентификаторы
- AI72293_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:09
0 "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы заңының 5-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және 6-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат; 2005 ж., № 39, 555-құжат; 2006 ж., № 35, 373-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2008 ж., № 3, 38-құжат; № 35, 364-құжат; 2009 ж., № 15, 106-құжат; № 55, 446-құжат; 2011 ж., № 29, 352-құжат; № 34, 408-құжат; № 52, 710-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде:
17-тармақтың 79) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«79) қаржы орталығының қатысушылары-заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырады, қаржы орталығының қатысушысы-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамалар береді (Өңірлік қаржы орталығы туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы, 6-бабының 1) тармақшасы);».