Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменения в совместный приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 31 октября 2003 года № 309-I и Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 31 октября 2003 года № 215 "Об утверждении Правил перевозки нефти в смешанном железнодорожно-трубопроводном сообщении"

Бұйрық · № 29 · қабылданған 06.02.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2003-no-309-i-31-2003-no-215/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменения в совместный приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 31 октября 2003 года № 309-I и Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 31 октября 2003 года № 215 "Об утверждении Правил перевозки нефти в смешанном железнодорожно-трубопроводном сообщении" Күшін жойған Бұйрық ·№ 29 ·06.02.2006
05.10.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменения в совместный приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 31 октября 2003 года № 309-I и Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 31 октября 2003 года № 215 "Об утверждении Правил перевозки нефти в смешанном железнодорожно-трубопроводном сообщении"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 29 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменения в совместный приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 31 октября 2003 года № 309-I и Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 31 октября 2003 года № 215 "Об утверждении Правил перевозки нефти в смешанном железнодорожно-трубопроводном сообщении"
Атауы (қаз.)
"Аралас темiржол-құбыр қатынасымен мұнай тасымалдау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 2003 жылғы 31 қазандағы № 309-І және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2003 жылғы 31 қазандағы № 215 бiрлескен бұйрығына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
29
Қабылданған күні
06.02.2006
Көрсетілген редакция
05.10.2012 AI26615_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.10.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004084_
ЭКБ идентификаторы
26615
Редакция идентификаторы
AI26615_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:57

0

"Аралас темiржол-құбыр қатынасымен мұнай тасымалдау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 2003 жылғы 31 қазандағы № 309-І және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2003 жылғы 31 қазандағы № 215 бiрлескен бұйрығына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы
Аралас темiржол-құбыр қатынасымен мұнай тасымалдаудың өзара iс-қимыл жасау технологиясын жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ :

1

1. "Аралас темiржол-құбыр қатынасымен мұнай тасымалдау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 2003 жылғы 31 қазандағы N 309-І және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2003 жылғы 31 қазандағы N 215 бiрлескен бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2645 нөмiрмен тiркелген, Қазақстан Республикасы орталық, атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының бюллетенiнде жарияланған, 2005 жылғы, N 15, 90-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген бiрлескен бұйрықпен бекiтiлген Аралас темiржол-құбыр қатынасымен мұнай тасымалдау ережесiнде:
3-тармақ "туралы" деген сөзден кейiн "және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2004 жылғы 23 желтоқсанда N 3294 нөмiрмен тiркелген, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429-І бұйрығымен бекiтiлген Жүк тасымалдау ережесiне сәйкес жүргiзiледi." деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармағымен толықтырылсын:
"7-1. Жаңадан салынған құбырларды толтыруға арналған және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тасымалдауға (экспортқа) арналмаған технологиялық мұнайды темiр жол көлiгiмен тасымалдау жөнiндегi қызметтер үшiн төлем Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiлген облысаралық қатынастағы тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша жүргiзiледi.
Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi, өз кезегiнде, жаңадан салынған құбырларды толтыру үшiн қажеттi технологиялық мұнайдың көлемi туралы тасымалдаушыға (темiр жолмен) хабарлайды және мұнайдың осы көлемi бұдан әрi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге (экспортқа) тасымалданбайтынын жазбаша түрде растайды.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармағымен толықтырылсын:
"8-1. Жаңадан салынған құбырларды толтыру үшiн қажеттi технологиялық мұнайдың көлемiн темiр жол көлiгiмен тасымалдау барысында тасымалдау құжаттарын ресiмдеу кезiнде жүк жөнелтушi Жүк тасымалдау ережесiмен көзделген тасымалдау құжаттарының жинағында "Жөнелтушiнiң айрықша өтiнiштерi мен белгiлерi" деген бағанда "Құбырды мұнайдың технологиялық көлемiмен толтыру үшiн" деген белгi қояды.";
8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) 4 "Жүк жөнелтушiнiң айрықша өтiнiштерi" деген бағанда жүк жөнелтушi "Құбыр көлiгiмен экспортқа шығару үшiн" немесе "Құбырды мұнайдың технологиялық көлемiмен толтыру үшiн" деген белгiлер қойылады.".

2 2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Қатынас жолдар комитетi (Н.Т.Байдәулетов) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне белгiленген тәртiппен ұсынуды қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi Ж.М.Қасымбекке және Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi Л.К.Кииновке жүктелсiн.

4 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

"Келiсiлдi"
Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінің
2006 жылғы 9 ақпан

Қолданыстағы