О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2004 года № 1453 "О мерах по реализации Конвенции о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам от 22 января 1993 года и Конвенции о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам от 7 октября 2002 года"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2004 года № 1453 "О мерах по реализации Конвенции о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам от 22 января 1993 года и Конвенции о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам от 7 октября 2002 года"
- Атауы (қаз.)
- "1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1453 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1295
- Қабылданған күні
- 10.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 10.12.2014 AI85099_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400001295
- ЭКБ идентификаторы
- 85099
- Редакция идентификаторы
- AI85099_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:37
0
"1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1453 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1453 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі - жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды тіркеу, сондай-ақ әділет органдарынан және нотариустардан шығатын өзге де ресми құжаттар бойынша;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі - өзінің құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі әлеуметтік-құқықтық сипаттағы құжаттар бойынша;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі - дәрменсіздігі туралы конкурстық іс қозғалған заңды тұлғалардың берешекті төлеуіне байланысты мемлекеттік органдардың сұрау салуы мен азаматтардың өтініштері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың резиденттігін растайтын құжаттар немесе осындай құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері бойынша;
Қазақстан Республикасы-Мәдениет және спорт министрлігі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелері бойынша;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі - іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыруға байланысты құжаттарды қоспағанда, өзінің құзыретіне жататын құжаттар бойынша;».