О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2004 года № 1457 "Об утверждении Положения о государственной охране животного мира Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2004 года № 1457 "Об утверждении Положения о государственной охране животного мира Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1457 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 247
- Қабылданған күні
- 15.03.2013
- Көрсетілген редакция
- 04.09.2015 AI71662_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000247
- ЭКБ идентификаторы
- 71662
- Редакция идентификаторы
- AI71662_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:28
0 "Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1457 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1457 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 680-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережеде:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау (бұдан әрi - жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) құрылымында ұйымдастырылады.»;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерiмен айналысатын жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мамандандырылған ұйымдардың қызметкерлерiнен тұрады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды тұлғаларының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге, арнайы құралдар мен қызметтік қаруды алып жүруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.».