Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2004 года № 1469 "Об утверждении Правил выдачи разрешений на пользование животным миром"

Қаулы · № 187 · қабылданған 01.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2004-no-1469-ekb-63240/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2004 года № 1469 "Об утверждении Правил выдачи разрешений на пользование животным миром" Күшін жойған Қаулы ·№ 187 ·01.02.2012
04.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2004 года № 1469 "Об утверждении Правил выдачи разрешений на пользование животным миром"

Күшін жойған Қаулы ·№ 187 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2004 года № 1469 "Об утверждении Правил выдачи разрешений на пользование животным миром"
Атауы (қаз.)
"Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
187
Қабылданған күні
01.02.2012
Көрсетілген редакция
04.09.2015 AI63240_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000187
ЭКБ идентификаторы
63240
Редакция идентификаторы
AI63240_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:11

0 "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 689-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Рұқсаттар бекiтiлген лимиттерге сәйкес және белгiленген алып қою квоталары шегiнде мыналарды:
1) бұрын жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн бағалау жүргiзiлмеген су айдындарында жануарларды ғылыми-зерттемелiк аулауды;
2) балықтың қырылу шаралары ретiнде жүзеге асырылатын балықты мелиорациялық аулауды;
3) жануарлардың пайдалы қасиеттерiн және тiршiлiк ету өнiмдерiн жануарларды алмай және жоймай пайдалануды;
4) жануарлар түрлерінің санын реттеуді қоспағанда беріледі.»;
5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Ереженің мақсаттары үшін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі түсініледі, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство болып Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті түсініледі, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство болып Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті түсініледі (бұдан әрі – ведомстволар).
6. Осы Ереженің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатты:
балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті) және оның аумақтық бөлімшелері;
балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері) береді.
7. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде олардың жұмыртқалары мен уылдырықтарын алуға рұқсатты Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, сондай-ақ Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша оларды арнайы жасалған жағдайларда өсіру және кейіннен мекендеу ортасында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ғылыми және өзге де мақсаттарда шығару үшін береді.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Саны реттелуге жататын жануарлардың түрлерiн алып қоюға рұқсаттар осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жануарлар санын реттеу тәртiбiне сәйкес берiледi.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері және Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері өтінім мен оған қоса берілген құжаттарды қарап, өтінім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде рұқсаттар беруді жүргізеді немесе жазбаша дәлелді бас тарту жібереді.
Белгіленген мерзімде өтініш берушіге рұқсат немесе дәлелді бас тарту берілмеген жағдайда Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері және Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері берілген өтінімге сәйкес бір жұмыс күн ішінде рұқсат береді.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Рұқсаттарды беруден мынадай жағдайларда бас тартылады:
1) өтінімде көрсетілген мәліметтер толық емес болса;
2) өтінімде көрсетілген мәліметтер жалған болса;
3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы немесе ол болмаса.
Өтінімнің және құжаттардың толық болмау немесе дұрыс ресімделмеу фактілері орын алған жағдайда Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері және Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері екі жұмыс күні ішінде одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтінім және құжаттар жалпы негізде қаралады.»;
көрсетілген Ережеге қосымшалардың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді, орыс тілдегі мәтінге өзгерістер енгізіледі;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Саны реттелуге жататын жануарлардың түрлерiн алып қоюға

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 1 ақпандағы
№ 187 қаулысына
қосымша
Жануарлар дүниесiн
пайдалануға
рұқсат беру ережесiне
4-қосымша
Алдыңғы бетi
Саны реттелуге жататын жануарлардың түрлерiн алып қоюға
№____РҰҚСАТ
Берiл­дi (заң­ды тұл­ға­ның ата­уы неме­се же­ке тұл­ға­ның те­гi, аты-жөнi)
Рұқ­сат­ты пай­да­ла­ну­ға жа­у­ап­ты адам­дар (те­гi, аты-жөнi)
Рұқ­сат пай­да­ла­ны­ла­тын учас­кенiң ау­ма­ғы мен ше­ка­ра­сы
Жа­ну­ар­лар түр­ле­рі­нің са­нын рет­теу әді­сте­рі
Р/с

Жа­ну­ар­лар түр­лерi
Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рі­нің са­ны
Алу мерзi­мi______­жы­л­ғы «__»_______ ба­стап
______ жы­л­ғы «___»______________ ара­лы­ғы
Рұқ­сат­ты пай­да­ла­ну ту­ра­лы есеп бе­ру мерзi­мi
______­жы­л­ғы «__»______
Ба­қы­лау (ти­іс­ті ве­дом­ство­ның аумақ­тық бөлiм­ше­сiне ата­уы) жүк­те­ледi
Басшы________________________________________________________
(рұқсатты берген орган басшысының тегi, аты-жөнi, қолы)
Рұқсаттың артқы бетi
«Тiркелдi»
______________________________________________________________
(тиісті ведомствоның аумақтық бөлiмшесiнiң атауы)
Бастық_______________________________________
(тегi, аты-жөнi)
Қолы_____________
М.О.
Ескертпе: Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің немесе оның аумақтық бөлімшесінің немесе Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесінің бланкiсiнде.

Қолданыстағы