О внесении изменений в постановление акимата района от 31 декабря 2004 года № 254 "Об утверждении Правил предоставления социальной помощи на санаторно-курортное лечение отдельным категориям граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата района от 31 декабря 2004 года № 254 "Об утверждении Правил предоставления социальной помощи на санаторно-курортное лечение отдельным категориям граждан"
- Атауы (қаз.)
- "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделу үшін әлеуметтік көмек ұсыну ережесін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 254 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 159
- Қабылданған күні
- 08.07.2008
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2012 40854_203957.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08SB000084
- ЭКБ идентификаторы
- 40854
- Редакция идентификаторы
- 40854_203957
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:08
0 "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделу үшін әлеуметтік көмек ұсыну ережесін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 254 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына, «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар құрылымындағы өзгерістер туралы» Аққайың ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы № 237 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделу үшін әлеуметтік көмек ұсыну ережесін бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 254 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілер реестрінің аумақтық бөлімінде 2005 жылғы 11 ақпанда 1483 нөмірімен тіркелді және 2005 жылғы 4 маусымдағы № 6 «Аққайың», 2005 жылғы 19 наурыздағы № 21 «Колос» газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
Ереженің 1 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын: «1. Осы Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделу үшін әлеуметтік көмек ұсыну ережесі (бұдан әрі – Ереже) азаматтардың жекелеген санаттарына санаторияларда, профилакторияларда және пансионаттарда тегін санаторлық-курорттық емделуден өту үшін әлеуметтік көмек ұсыну тәртібі мен шарттарын регламенттейді;
Ережеде барлық мәтін бойынша «Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі» сөздері «Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі» сөздерімен ауыстырылсын.