О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 31 октября 2005 года № 337-I «Об утверждении Правил ведомственной экспертизы технической документации для среднего ремонта автомобильных дорог общего пользования Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 31 октября 2005 года № 337-I «Об утверждении Правил ведомственной экспертизы технической документации для среднего ремонта автомобильных дорог общего пользования Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптаманың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 337-I бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 118
- Қабылданған күні
- 06.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2019 129718_394479.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018383
- ЭКБ идентификаторы
- 129718
- Редакция идентификаторы
- 129718_394479
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:54
0 «Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптаманың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 337-I бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптаманың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 337-I бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3929 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 169 - 170 (796) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптаманың қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Ведомстволық сараптама жүргізудің тәртібі»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қолданыстағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама (бұдан әрі – ведомстволық сараптама) – бұл Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің
«Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – Орталық) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамада қабылданатын шешімдердің негізділігі
деңгейін арттыру мақсатында сараптау объектісіне талдау бағасын алу үшін жол саласы ұйымдарының өтінімі бойынша жүргізетін бағалау іс-қимылдары мен тұжырымдау жүйесі.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ведомстволық сараптама жүргізу үшін Орталықтың мамандары қатарынан сараптау тобы құрылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ведомстволық сараптама жүргізу үшін Орталыққа мынадай құжаттар беріледі:
1) ведомстволық сараптама жүргізуге арналған еркін нысандағы өтініш;
2) техникалық құжаттама ұсынылады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Сараптау тобының оң қорытындысын алған жағдайда, техникалық құжаттама автомобиль жолдары бойынша уәкілетті органға бекітуге ұсынылады, ұсынылған құжаттар нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сараптау тобы техникалық құжаттаманы себептерін көрсете отырып түзетуге қайтарады.»
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Қорытынды ережелер».
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік
он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы
Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;