Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2006 года N 1036

Қаулы · № 642 · қабылданған 28.06.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2006-n-1036/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2006 года N 1036 Күшін жойған Қаулы ·№ 642 ·28.06.2008
29.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2006 года N 1036

Күшін жойған Қаулы ·№ 642 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2006 года N 1036
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1036 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
642
Қабылданған күні
28.06.2008
Көрсетілген редакция
29.12.2015 AI40395_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080000642_
ЭКБ идентификаторы
40395
Редакция идентификаторы
AI40395_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:12

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1036 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының үлгі нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 40, 159-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының үлгі нысанында:
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау Заңға және осы Шартқа сәйкес жүргізіледі:
1) егін толық жойылған жағдайда зиян мөлшері өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасасқан сәтте белгіленген өсімдік шаруашылығы өнімінің түрін өсірудің бір гектарына арналған шығындар нормативінің қолайсыз табиғат құбылысы әсер ететін осы өнім түрін өсіру алаңына көбейтілген мөлшері ретінде анықталады;
толық жойылған жағдайда ЗМ = (ШН * S га);
S - қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алаң;
ЗМ - зиян мөлшері;
ШН - шығындар нормативі;
2) егін ішінара жойылған жағдайда қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алаңнан жиналған өнім көлемі астық жинау кезінде міндетті бағалауға жатады. Бұл ретте кіріс мынадай тәртіппен есептеледі:
өсімдік шаруашылығы өнімі түрінің барлық көлемі сатылғаннан кейін нақты кіріс бойынша;
өсімдік шаруашылығы өнімі түрінің барлық көлемі сатылғанға дейін бағалау кірісі бойынша;
егер алынған астық ішінара сатылса және астықтың сатылмаған бөлігі бар болса, онда осы Шарттың 21-тармағының 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарына сәйкес;
ішінара жойылған кезде ЗМ = (ШН - қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алаңның 1 га-дан алынатын кіріс) * S га (қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алаң).".

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы