Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 31 марта 2006 года № 08-2/83 "Об утверждении Условий труда внештатных работников, принятых на месте на работу в загранучреждения Республики Казахстан, в том числе из числа членов семей персонала дипломатической службы"

Бұйрық · № 08-1-1-1/656 · қабылданған 26.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2006-no-08-283/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 31 марта 2006 года № 08-2/83 "Об утверждении Условий труда внештатных работников, принятых на месте на работу в загранучреждения Республики Казахстан, в том числе из числа членов семей персонала дипломатической службы" Күшін жойған Бұйрық ·№ 08-1-1-1/656 ·26.12.2013
12.11.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 31 марта 2006 года № 08-2/83 "Об утверждении Условий труда внештатных работников, принятых на месте на работу в загранучреждения Республики Казахстан, в том числе из числа членов семей персонала дипломатической службы"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 08-1-1-1/656 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 31 марта 2006 года № 08-2/83 "Об утверждении Условий труда внештатных работников, принятых на месте на работу в загранучреждения Республики Казахстан, в том числе из числа членов семей персонала дипломатической службы"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 08-2/83 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
08-1-1-1/656
Қабылданған күні
26.12.2013
Көрсетілген редакция
12.11.2024 77340_729337.kaz
Соңғы өзгеріс
12.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300009098
ЭКБ идентификаторы
77340
Редакция идентификаторы
77340_729337
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:18

0

"Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 08-2/83 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 08-2/83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4194 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттарында:

1 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

1

«1. Осы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттары (бұдан әрі - Шарттар) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы негізінде әзірленген және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде штаттық дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметке тағайындаусыз, еңбек шарттары негізінде еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдардың еңбек шарттары мәселелеріне қатысты құқықтық қатынастарды реттейді.»;

3 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

3 «3. Штаттан тыс жұмыскерлер (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар) әкімшілік, техникалық және шаруашылық функцияларын орындау үшін қызметке қабылданады.»;

7 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

7 «7. Штаттан тыс жұмыскерлердің жалақысы шетелдік валютада:

мерзімді (нақты жұмысты атқарған уақыты үшін);
кесімді (белгілі бір жұмыс көлемін орындағаны үшін) төленеді.
Штаттан тыс жұмыскердің шекті жалақысы Қазақстан Республикасының шет елдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі айлықақысының 30 пайызы көлемінде белгіленеді.
Штаттан тыс жұмыскерлердің шет елде жұмыс істеген уақытына Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жалақы төленбейді.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

9-1 9-1. Штаттан тыс қызметкерлер Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі басшысы бұйрығының негізінде қысқа мерзімді іс сапарға жіберіледі.

Іссапар шығыстарын өтеу «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісі болып табылатын Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет органдарының персоналы үшін белгіленген көлемде жүзеге асырылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта – қаржы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және міндетті жариялауға жатады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
___________ Т. Дүйсенова
«30» желтоқсан 2013 жыл

Қолданыстағы