О внесении дополнений и изменений в постановление Акимата Мангистауской области от 31 мая 2006 года № 177 "Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов в учебных заведениях начального и среднего профессионального образования на 2006-2007 учебный год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в постановление Акимата Мангистауской области от 31 мая 2006 года № 177 "Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов в учебных заведениях начального и среднего профессионального образования на 2006-2007 учебный год"
- Атауы (қаз.)
- Облыс әкімиятының "Бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орындарында мамандарды даярлаудың 2006-2007 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiту туралы" 2006 жылғы 31 мамырдағы № 177 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 296
- Қабылданған күні
- 29.08.2006
- Көрсетілген редакция
- 11.07.2012 29937_175955.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V06M0001956
- ЭКБ идентификаторы
- 29937
- Редакция идентификаторы
- 29937_175955
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:55
0 Облыс әкімиятының "Бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орындарында мамандарды даярлаудың 2006-2007 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiту туралы" 2006 жылғы 31 мамырдағы N 177 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
" Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", " Білім туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Қазақстан Республикасында орта кәсiптiк бiлiм берудi одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 15 мамырдағы N 721 қаулысына сәйкес және Бейнеу ауданында "Бейнеу гуманитарлық экономикалық колледжі" Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ашылуына байланысты, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. Облыс әкімиятының "Бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орындарында мамандарды даярлаудың 2006-2007 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiту туралы" 2006 жылғы 31 мамырдағы N 177 "Маңғыстау облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 27 маусымда N 1947 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінің 2006 жылғы 13 шілдедегі N 112-113 (6918) санында жарияланған) қаулысына төмендегідей толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) "Ақтау қаласы N 1 кәсіптік лицейі" 3 тармақтағы "0825001 Сатушы, бақылаушы-кассир, 25, 9 сынып, орысша, 2 жыл 10 ай" сөздері алынып тасталсын, "0807001 электр жабдықтарын жөндеу электрик-слесары" мамандығы сөздері 25, 9 сынып, қазақша, 2 жыл 10 ай" сөздермен толықтырылсын.
2) мынадай 13 тармақпен толықтырылсын:
13. Бейнеу гуманитарлық-экономиқалық колледжі
0306002 Қазақ тілі және әдебиеті
25
11
сынып
қазақша
2 жыл 10 ай
0301002 Мектепке дейінгі тәрбие
25
11
сынып
қазақша
2 жыл 10 ай
Жиыны:
50
көрсетілген қаулы қосымшасының "Орта кәсіптік білім беретін оқу орындары бойынша" тармағындағы "915" саны "965", "Облыс бойынша" тармағындағы "1725" саны "1775" санымен ауыстырылсын.