Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 31 июля 2006 года № 278 "Об утверждении Правил выдачи сертификатов о прохождении курсов повышения квалификации аудиторов"

Бұйрық · № 486 · қабылданған 09.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2006-no-278/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 31 июля 2006 года № 278 "Об утверждении Правил выдачи сертификатов о прохождении курсов повышения квалификации аудиторов" Күшін жойған Бұйрық ·№ 486 ·09.11.2012
06.07.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 31 июля 2006 года № 278 "Об утверждении Правил выдачи сертификатов о прохождении курсов повышения квалификации аудиторов"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 486 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 31 июля 2006 года № 278 "Об утверждении Правил выдачи сертификатов о прохождении курсов повышения квалификации аудиторов"
Атауы (қаз.)
"Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 31 шілдедегі № 278 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
486
Қабылданған күні
09.11.2012
Көрсетілген редакция
06.07.2021 69065_529148.kaz
Соңғы өзгеріс
06.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008131
ЭКБ идентификаторы
69065
Редакция идентификаторы
69065_529148
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:56

0 "Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 31 шілдедегі № 278 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру ережесін бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 31 шілдедегі № 278 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4337 болып тіркелген, 2006 жылғы 1 қарашада «Юридическая газета» газетінде жарияланған, № 191 (1171)) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымның (бұдан әрі - кәсіби ұйым) аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар (бұдан әрі - сертификат) беру тәртібін айқындайды.»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кәсіби ұйымда аудиторлардың біліктілігін тұрақты арттырудың мақсаты аудиторлар меңгерген кәсіби білімдер мен дағдыларды тереңдету, бұрын алған білімдерін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ аудит жөнінде ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру болып табылады.
4. Аудиторлардың біліктілігін арттыру кәсіби ұйымның басшысы бекіткен біліктілікті арттырудың жоспар-кестесіне сәйкес жүргізіледі, ол кәсіби ұйымның ресми сайтында орналастырылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сертификат беру үшін кәсіби ұйым:
өзінің мүшелерін халықаралық қаржылық есептілік және аудит стандарттарына, сондай-ақ аудиторлық қызмет саласындағы заңнаманың өзгерістері мәселелері бойынша оқытады;
тыңдаушыларды тиісті оқу материалдарымен қамтамасыз етеді;
қазіргі заманғы оқу-материалдық база құрады.».

2

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелуiн және кейіннен оның заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы