О внесении изменений и дополнений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 31 мая 2007 года N 169-п "Об утверждении Классификатора отходов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 31 мая 2007 года N 169-п "Об утверждении Классификатора отходов"
- Атауы (қаз.)
- "Қалдықтар сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы N 169-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 188-ө
- Қабылданған күні
- 07.08.2008
- Көрсетілген редакция
- 06.08.2021 41234_534490.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005287_
- ЭКБ идентификаторы
- 41234
- Редакция идентификаторы
- 41234_534490
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:00
0 "Қалдықтар сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы N 169-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1.»"Қалдықтар сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы N 169-ө бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4775 болып тіркелген, 2007 жылғы 15 тамыздағы "Заң газеті" газетінің N 124 (1153) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Сыныптамаға 8-қосымшада:
"АD органикалық емес не органикалық құрамдастары бар қалдықтар" бөлігінде мынадай жол алынып тасталсын:
AD160
Қаланың тұрмыстық қалдықтары
"АС Құрамында металдар мен органикалық емес материалдар болуы мүмкін негізінен органикалық құрамдас құрауыштардан тұратын қалдықтар" бөлігінде мына жол алынып тасталсын:
АС270
Кәріз лайы
Мына жолмен ауыстыру қажет:
АС270
Өнеркәсіп кәсіпорындарының лай қалдығы
"А. 1 GA Қалдықтардың жасыл тізімі Металдар мен металл қорытпаларының металдық диспергирленбейтін нысандағы қалдықтар" бөлігі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
GA121
Қоланың қалдықтары мен сынықтары
GA122
Латуньның қалдықтары мен сынықтары
"GВ металдарды балқытудың, қорытудың және тазартудың құрамында металы бар қалдықтары" бөлігі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
GВ050
Жылумен өңделген құм және балшықтың пішінделген қоспалары
GВ060
Құю өндірісінің қалдықтары
GВ070
Жоғары көміртекті феррохром өндірісінің шлагы
GВ071
Жоғары көміртекті феррохромның шлактарын өңдеуден кейін
қалған ұсақталған тас кесек
GВ072
Орташа көміртекті феррохром өндірісінің шлагы
GВ073
Төмен көміртекті феррохром өндірісінің шлагы
"GD диспергирленбейтін нысандағы тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтары" бөлігі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
GD090
Көмір елендісі
GD100
Кокс елендісі
GD110
Әк тас қалдықтары
GD111
Әк қалдықтары
"GG Құрамында металдар мен органикалық материалдар болуы мүмкін негізінен органикалық емес құрамдастары бар басқа да қалдықтар" бөлігі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
GG170
Бетон, сынған кірпіш, сылақ, ағаш, шыны сынығы қалдықтарының қоспасы (құрылыс қоқысы)
"GO Құрамында металдар мен органикалық емес материалдар болуы мүмкін негізінен органикалық құрамдас құрауыштардан тұратын басқа да қалдықтар" бөлігі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
GO060
Қатты тұрмыстық қалдықтар (коммуналдық)
GO061
Кәріздеу тазарту имараттарынан лай қалдықтары
2 2. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған соң он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
__________________А. Дерновой
2008 жылғы 8 тамыз