Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2008 года N 80

Қаулы · № 426 · қабылданған 06.05.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2008-n-80/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2008 года N 80 Күшін жойған Қаулы ·№ 426 ·06.05.2008
29.12.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2008 года N 80

Күшін жойған Қаулы ·№ 426 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2008 года N 80
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы N 80 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
426
Қабылданған күні
06.05.2008
Көрсетілген редакция
29.12.2012 AI39565_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080000426_
ЭКБ идентификаторы
39565
Редакция идентификаторы
AI39565_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:30

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы N 80 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы N 80 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 3, 41-құжат):

1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысуына бас лицензия беріледі.
Заңды тұлғаның немесе оның филиалының мамандандырылған өндірістік базасының бөлігі болып табылатын, түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша аймақтың басқа жерінде аумақтық орналасқан филиалдар, сондай-ақ учаскелер және қабылдау пункттері лицензияға қосымшада көрсетіледі.";

2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында:

1-тармақта:
1) тармақшада "қабылдау пункттері бар" деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақшада "мен басқа да автокөлік" деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақта:
11) тармақшада "және радиометрлік" деген сөздер "және/немесе радиометрлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын филиал үшін 1-тармақтың 6) тармақшасын қоспағанда, 1-тармақта көрсетілген талаптар қойылады.
4. Түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе оның филиалының тіркелген жері бойынша өңірдің басқа жерінде аумақтық орналасқан заңды тұлғаның немесе оның филиалының мамандандырылған өндірістік базасының бөлігі болып табылатын учаске үшін 1-тармақтың 6) тармақшасын қоспағанда, 1-тармақта көрсетілген талаптар қойылады.
5. Түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе филиалының тіркелген жері бойынша өңірдің басқа жерінде аумақтық орналасқан заңды тұлғаның немесе оның филиалының мамандандырылған өндірістік базасының бөлігі болып табылатын қабылдау пункті үшін мыналардың:
1) қолма-қол ақшамен жұмысқа ыңғайланған (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппарат) үй-жайдың;
2) салыстырып тексерілгені туралы қолданыстағы сертификаты бар өлшем бірліктерін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген таразы шаруашылығының;
3) қабылдау пунктінің лицензиатқа тиесілілігін растайтын құжаттардың (лицензияның және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері);
4) қабылдау пунктінің заңды тұлғаға тиесілілігі, лицензия нөмірі, жұмыс режимі көрсетілген маңдайшаның;
5) кемінде 200 ш.м алаңның болуы талап етіледі.
Пункт тұрғын үй және өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасуы және өрт қауіпсіздігі мен санитарлық нормалар талаптарына сәйкес қоршалған, күзетілетін және оқшауланған болуы тиіс.
6. Лицензияның және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері филиалдардың, учаскелердің, қабылдау пункттерінің лицензиатқа тиесілілігін растайтын құжат болып табылады.
7. Лицензиат түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын заңды тұлғаның, оның лицензияға қосымшада көрсетілген филиалдарының және/немесе учаскелерінің мамандандырылған өндірістік базасының аумағынан ғана тиеп жөнелте алады.
8. Жеке тұлғалар шығу тегі электротехникалық, өнеркәсіптік, әскери және зымыран-ғарыштық сынықтан, байланыс желісінің кәбілдерінен, рельстерден, бұрын қолданыста болған темір жол төсемі мен жылжымалы құрам элементтерінен, кәріз люктерінің қақпақтарынан басқа, түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын тапсыра алады.
9. Осы біліктілік талаптары заңды тұлғалардың өз өндірісі барысында және құрамында түсті және/немесе қара металл сынықтары және/немесе қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметке қолданылмайды.
Мұндай заңды тұлғалар түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан Республикасында түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметке лицензиясы бар заңды тұлғаларға ғана өткізе алады.".

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы