Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2008 года № 1331

Қаулы · № 193 · қабылданған 28.02.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2008-no-1331/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2008 года № 1331 Күшін жойған Қаулы ·№ 193 ·28.02.2011
29.12.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2008 года № 1331

Күшін жойған Қаулы ·№ 193 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2008 года № 1331
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1331 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
193
Қабылданған күні
28.02.2011
Көрсетілген редакция
29.12.2016 AI57473_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000193
ЭКБ идентификаторы
57473
Редакция идентификаторы
AI57473_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:03

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1331 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Жол-құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1331 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 48, 548-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген "Жол-құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Жол-құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі және "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы заңдарына сәйкес әзірленді.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Жол-құрылыс материалдарының әрбір топтамасында және (немесе) көлік құралында "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысына сәйкес таңбалау, сондай-ақ мынадай қосымша деректер болуы тиіс:
1) құжаттардың нөмірі және берілген күні (сапа паспорты, қауіпсіздік паспорты және (немесе) сынақтар хаттамалары);
2) тұтынушының атауы және мекенжайы;
3) өнімнің үлгісі (маркасы);
4) табиғи радионуклидтердің меншікті тиімді белсенділігі;
5) осы Техникалық регламенттің 21-тармағының 5) тармақшасына сәйкес физика-механикалық қасиеттері;
6) жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың құрамы және атмосфералық ауадағы, жер қыртысындағы, беттік және жерасты суларындағы ластаушы заттар құрамының нақты деңгейі және қоспалар жөніндегі ақпарат оны өндіріске қойған кезде өнімнің бастапқы топтамасымен нақты тұтынушыға, ал одан әрі өндіруде - даулы жағдайларда - тапсырыс берушінің талап етуі бойынша ұсынылады. Көрсетілсін ақпарат тұтыну ыдысына, ол бар болған кезде тікелей түсіріледі және (немесе), егер жол-құрылыс материалдары үйіліп тасымалданатын болса, ілеспе құжаттарға енгізіледі.";
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Осы Техникалық регламентте белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін үйлестірілген стандарттардың тізбесін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілейді.";
Техникалық регламенттің 3-қосымшасы алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы