Об утверждении норматива отчисления части чистого дохода республиканских государственных предприятий и внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2008 года № 1339 "Об утверждении перечня уполномоченных органов, ответственных за взимание поступлений в республиканский бюджет, за возврат из бюджета и (или) зачет излишне (ошибочно) уплаченных сумм и осуществляющих контроль за поступлениями в бюджет неналоговых поступлений, поступлений от продажи основного кап
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норматива отчисления части чистого дохода республиканских государственных предприятий и внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2008 года № 1339 "Об утверждении перечня уполномоченных органов, ответственных за взимание поступлений в республиканский бюджет, за возврат из бюджета и (или) зачет излишне (ошибочно) уплаченных сумм и осуществляющих контроль за поступлениями в бюджет неналоговых поступлений, поступлений от продажи основного кап
- Атауы (қаз.)
- Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту және "Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсiмдердiң, негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдердiң, трансферттердiң, бюджеттiк кредиттердi өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн соманың, қарыздардың бюджетке түсуiн бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкiлеттi органдардың тiз
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 448
- Қабылданған күні
- 02.05.2013
- Көрсетілген редакция
- 24.05.2018 72570_328396.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000448
- ЭКБ идентификаторы
- 72570
- Редакция идентификаторы
- 72570_328396
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:08
0
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту және "Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсiмдердiң, негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдердiң, трансферттердiң, бюджеттiк кредиттердi өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн соманың, қарыздардың бюджетке түсуiн бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкiлеттi органдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 140-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативi бекiтiлсiн.
2
2. Мемлекеттік басқарудың тиісті салаларына (аяларына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органдар жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға алдағы үшжылдық кезеңге арналған республикалық бюджетке аударылуы тиіс таза табыстың бір бөлігінің болжамды сомаларын, сондай-ақ есепті жылы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның республикалық бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.
3
4 4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 2 мамырдағы
№ 448 қаулысымен бекітілген
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі
1 1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін республикалық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:
Таза табыс
3 000 000 теңгеге дейін
таза табыс сомасынан 5 пайыз
Таза табыс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз
Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз
Таза табыс 250 000 000 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз
Таза табыс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін
97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз
Таза табыс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары
247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз
2 2. «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін 2012 жылдың қорытындылары бойынша 0 пайыз мөлшерінде аудару нормативі белгіленеді.
3. «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін кезеңіне 12 пайыз мөлшерінде аудару нормативі белгіленеді.
4 4. Денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар үшін аудару нормативі 5 пайыздан көп емес мөлшерде белгіленеді.
5
5. Қылмыстық-атқару жүйесі және сотталғандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру саласында өндірістік қызметін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар үшін аудару нормативі 2015 – 2018 жылдардың қорытындылары бойынша 0 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 мамырдағы
№ 448 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1 1. «Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 441-құжат).
2 2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 1 шілдедегі № 636 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 267-құжат).
3
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 315 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 15, 177-құжат).
4
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2297 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 47-құжат).
5 5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 қазандағы № 1077 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 56, 539-құжат).
6
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1502 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 141-құжат).