О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2008 года № 1349 "О маркировке (перемаркировке) отдельных видов подакцизных товаров учетно-контрольными марками и акцизными марками"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2008 года № 1349 "О маркировке (перемаркировке) отдельных видов подакцизных товаров учетно-контрольными марками и акцизными марками"
- Атауы (қаз.)
- "Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 62
- Қабылданған күні
- 16.01.2012
- Көрсетілген редакция
- 23.07.2015 AI62888_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200000062
- ЭКБ идентификаторы
- 62888
- Редакция идентификаторы
- AI62888_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:21
0 "Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 560-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) ережесінде:
9-тармақтың 2) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бажсыз сауда кедендік рәсіміне орналастыруға арналған Қазақстан Республикасының аумағына бажсыз сауда дүкендерінің иелері әкелетін;»;
«5) 3 литрден аспайтын шекте Қазақстан Республикасының аумағына он сегіз жасқа толған жеке тұлға әкелетін (жіберетін) алкоголь өнімдері мен сыра есепке алу-бақылау таңбаларымен, сондай-ақ 200 сигарет немесе 50 сигарадан (сигарилладан) аспайтын темекі мен темекі бұйымдары немесе 250 грамнан аспайтын шектегі темекі не жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын көрсетілген бұйымдардың ассортименті акциздік таңбаларымен міндетті түрде таңбалануға жатпайды.».