О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2008 года № 1355
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2008 года № 1355
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1355 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 445
- Қабылданған күні
- 26.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2012 AI58610_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000445
- ЭКБ идентификаторы
- 58610
- Редакция идентификаторы
- AI58610_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:29
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1355 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1355 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 50, 567-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 91-жолмен толықтырылсын:
«
91
«Астанагорархитектура» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы
».