О внесении изменений в решение ХІІІ сессии Сатпаевского городского маслихата от 31 октября 2008 года № 150 "Об определении видов оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Сатпаев"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение ХІІІ сессии Сатпаевского городского маслихата от 31 октября 2008 года № 150 "Об определении видов оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Сатпаев"
- Атауы (қаз.)
- "Сәтбаев қаласының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек түрлерін анықтау туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2008 жылғы 31 қазандағы ХІІІ сессиясының № 150 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 364
- Қабылданған күні
- 14.09.2010
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2014 54866_176606.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10KF000108
- ЭКБ идентификаторы
- 54866
- Редакция идентификаторы
- 54866_176606
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:22
0 "Сәтбаев қаласының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек түрлерін анықтау туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2008 жылғы 31 қазандағы ХІІІ сессиясының N 150 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. "Сәтбаев қаласының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек түрлерін анықтау туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2008 жылғы 31 қазандағы ХІІІ сессиясының N 150 шешіміне (Қарағанды облысы Әділет департаментінің Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 2008 жылғы 12 қарашада 8-6-70 нөмірімен тіркелген және "Шарайна" газетінің 2008 жылғы 19 қарашадағы 108 (1666) нөмірінде ресми жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы:
1) тармақшадағы:
екінші абзац мына редакцияда мазмұндалсын:
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген, мәртебесі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-8-баптарымен белгіленген адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде тылда жұмыс істеген еңбек өтілі кемінде алты ай болып белгіленген адамдарға;";
үшінші абзац мына редакцияда мазмұндалсын:
"зейнетақы мөлшері тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген күнкөріс мөлшерінің 1,25 коэффициентінен аспайтын жасына байланысты және қызмет өткерген жылдарына байланысты зейнеткерлерге;";
төртінші абзац мына редакцияда мазмұндалсын:
"бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге және он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;";
6) тармақшадағы:
екінші абзац мына редакцияда мазмұндалсын:
"отбасылары дүлей апаттар, өрт, жазатайым оқиғалар, қатерлі ауру түрлері және өзге де себептер салдарынан ауыр материалдық жағдайға тап болған азаматтарға өтінімдік нысан бойынша;";
үшінші абзац мына редакцияда мазмұндалсын:
"зейнет жасына жетпеген немесе мүгедектігі жоқ қайтыс болған (жұмыс істемеген) адамды жерлеу үшін;".