О внесении изменений в постановление акимата города от 31 января 2008 года № 29а "Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры работающих в аульной (сельской) местности и имеющих право на повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города от 31 января 2008 года № 29а "Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры работающих в аульной (сельской) местности и имеющих право на повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки"
- Атауы (қаз.)
- Қала әкімдігінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 29а "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 94
- Қабылданған күні
- 24.02.2014
- Көрсетілген редакция
- 29.01.2016 78141_239078.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NC004495
- ЭКБ идентификаторы
- 78141
- Редакция идентификаторы
- 78141_239078
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:46
0
Қала әкімдігінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 29а "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабы 3–тармағын және 18-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі Конституциялық Заңының 1–бабы 11-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31–бабына сәйкес, қолданыстағы нормативтік құқықтық актісімен сәйкестендіруге байланысты Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қала әкімдігінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 29а "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-3-80 тіркелген, 2008 жылғы 21 наурызда "Арқалық хабары" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) жоғарыда аталған қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметші болып табылатын, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы";
2) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қызметші болып табылатын, ауылдық елді мекендерде істейтін және жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.";
3) аталған қаулының қосымшасы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Қостанай облысының
Арқалық қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 94 қаулысына қосымша
Қала бюджеті есебінен азаматтық қызметші
болып табылатын, ауылдық елді мекендерде жұмыс
істейтін және жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық
жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар әлеуметтік
қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және
ветеринария саласындағы мамандарға
лауазымдарының тізбесі