Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2008 года № 82 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по ликвидации (уничтожению, утилизации, захоронению) и переработке высвобождаемых боеприпасов, вооружений, военной техники, специальных средств"

Қаулы · № 719 · қабылданған 31.05.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2008-no-82/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2008 года № 82 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по ликвидации (уничтожению, утилизации, захоронению) и переработке высвобождаемых боеприпасов, вооружений, военной техники, специальных средств" Күшін жойған Қаулы ·№ 719 ·31.05.2012
15.05.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2008 года № 82 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по ликвидации (уничтожению, утилизации, захоронению) и переработке высвобождаемых боеприпасов, вооружений, военной техники, специальных средств"

Күшін жойған Қаулы ·№ 719 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2008 года № 82 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по ликвидации (уничтожению, утилизации, захоронению) и переработке высвобождаемых боеприпасов, вооружений, военной техники, специальных средств"
Атауы (қаз.)
"Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 82 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
719
Қабылданған күні
31.05.2012
Көрсетілген редакция
15.05.2013 AI65875_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.05.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000719
ЭКБ идентификаторы
65875
Редакция идентификаторы
AI65875_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:08

0

"Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 82 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 82 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 42-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;

2 2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;

3 3) көрсетілген қаулымен бекітілген босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 719 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 қаңтардағы
№ 82 қаулысымен
бекітілген
Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

1 1. Босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметтің кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

1 1) заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасарында, оның ішінде оның филиалының басшысында немесе оның орынбасарында, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғада жоғары техникалық білімі;

2 2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар;

3 3) жеке меншік (стационарлық және (немесе) ұтқыр) немесе жалға беру құқығындағы қоршалған, оқшауланған және мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық базасы:

арнайы өндірістік ғимарат, құрылыс және (немесе) контейнерлік типтегі ұтқыр модуль, көтергіш механизм, жабдықтар;
босатылатын оқ-дәрілер мен олардың құрауыштарын сақтауға арналған найзағай бұрғышы бар контурлы найзағайдан қорғау жүйесімен жабдықталған арнайы жабдықталған қойма;
босатылатын оқ-дәрілердің қалдықтарын және қайта өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандары бар үй-жай немесе арнайы алаң;
жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай;

4 4) қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған лицензияның не қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;

5 5) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты;

6 6) пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары, оның ішінде радиацияны өлшеу құралдары;

7 7) ұйымның басшысы бекіткен персоналды қауіпсіздік техникасына оқыту жөніндегі және босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтар;

8 8) кәдеге жаратылған босатылатын оқ-дәрілердің материалдарын, жинақтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау бойынша журнал;

9 9) өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымдық тұлға;

10 10) күзет қызметіне лицензия немесе өндірістік-техникалық базаны оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт.

2 2. Босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

1 1) заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасарында, оның ішінде оның филиалының басшысында немесе оның орынбасарында, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғада жоғары техникалық білімі;

2 2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар;

3 3) жеке меншік құқығында, қоршалған, оқшауланған және мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық базасы:

арнайы өндірістік ғимарат, құрылыс, көтергіш механизм, жабдықтар;
босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма;
босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың қалдықтарын және қайта өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандар бар үй-жай немесе арнайы алаң;
жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай;

4 4) қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензияның немесе қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;

5 5) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты;

6 6) пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары;

7 7) ұйымның басшысы бекіткен персоналды қауіпсіздік техникасына оқыту жөніндегі және босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтар;

8 8) босатылатын қару-жарақтың, әскери техниканың, арнайы құралдардың материалдарын, жинақтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау бойынша журнал;

Қолданыстағы