О внесении изменения и дополнения в решение городского маслихата от 31 марта 2009 года № 114/15 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным гражданам по оплате содержания жилища, потребления коммунальных услуг, услуг связи и компенсации затрат на отдельные виды капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума по городу Аксу"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в решение городского маслихата от 31 марта 2009 года № 114/15 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным гражданам по оплате содержания жилища, потребления коммунальных услуг, услуг связи и компенсации затрат на отдельные виды капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума по городу Аксу"
- Атауы (қаз.)
- Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 31 наурыздағы "Ақсу қаласы бойынша аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерді, байланыс қызмет көрсетулерін тұтынуға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлігін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне шығын өтемақысын төлеу бойынша тұрғын үй көмегінің Қағидасын бекіту туралы" № 114/15 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 217/26
- Қабылданған күні
- 09.06.2010
- Көрсетілген редакция
- 22.10.2013 AI53403_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.10.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10PB000148
- ЭКБ идентификаторы
- 53403
- Редакция идентификаторы
- AI53403_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:01
0
Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 31 наурыздағы "Ақсу қаласы бойынша аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерді, байланыс қызмет көрсетулерін тұтынуға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлігін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне шығын өтемақысын төлеу бойынша тұрғын үй көмегінің Қағидасын бекіту туралы" № 114/15 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2 тармағына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 31 наурыздағы "Ақсу қаласы бойынша аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерді, байланыс қызмет көрсетулерін тұтынуға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлігін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне шығын өтемақысын төлеу бойынша тұрғын үй көмегінің Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-2-111 болып тіркелген, 2009 жылғы 13 мамырда "Ақжол" - "Новый путь" газетінде жарияланған) № 114/15 шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
Қағиданың 3.3 тармағының соңғы абзацы келесі мазмұндағы абзацпен ауыстырылсын:
"Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан соларға теңестірілген адамдарға- тұрғын үйдің жалпы ауқымы";
Қағиданың 3.10 тармағы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Ақсу қалалық бөлімшесімен ұсынылған тізімдер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан соларға теңестірілген адамдарға, сонымен қатар осы мекенжайда тіркелген және бірлесіп тұратын жұбайларына."