О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 июля 2009 года № 1167 «Об утверждении Правил оформления, представления и предварительной оценки материалов участников конкурса на соискание премии Президента Республики Казахстан «Алтын сапа» и Правил оформления, представления и предварительной экспертной оценки материалов и продукции, представляемых на региональный и республиканский конкурсы-выставки «Лучший товар Казахстана»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 июля 2009 года № 1167 «Об утверждении Правил оформления, представления и предварительной оценки материалов участников конкурса на соискание премии Президента Республики Казахстан «Алтын сапа» и Правил оформления, представления и предварительной экспертной оценки материалов и продукции, представляемых на региональный и республиканский конкурсы-выставки «Лучший товар Казахстана»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 125
- Қабылданған күні
- 11.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 11.03.2015 87802_88439.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000125
- ЭКБ идентификаторы
- 87802
- Редакция идентификаторы
- 87802_88439
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:11
0
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесiн және «Қазақстанның үздiк тауары» өңiрлiк және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 34, 329-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесiнде (бұдан әрі – Ереже):
2-1 және 2-2-тармақтар алып тасталсын;
2-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-3. Сыйлық алуға арналған конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады.»;
3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) оның қызметінің және сапа саласындағы нақты нәтижелерінің деңгейін өзіндік бағалауды білдіретін конкурсқа қатысушының есебін – А4 форматындағы 38 парақтан аспайды;
3) есепке қосымшаны (диаграммалар, графиктер, кестелер, құжаттардың көшірмелері) – А4 форматындағы 30 парақтан аспайды;»;
3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) менеджмент жүйесіне арналған сертификаттардың көшірмесін қамтитын құжаттар жиынтығын тапсырады.»;
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) конкурс ұйымдастырушысы комиссиясының конкурсқа қатысушылардың материалдарын алдын ала бағалауы және олар бойынша алдын ала қорытынды дайындауы.»;
9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметiне жергiлiктi жерлерде алдын ала бағалау жүргiзу үшiн конкурсты ұйымдастырушының шешiмiмен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы мамандар, қоғамдық бiрлестiктердiң, жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi арасынан сараптамалық топтар құрылады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Сараптамалық топтар жергiлiктi жерлерде конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметiн алдын ала бағалауды жүргiзгеннен кейiн құжаттар жиынтығы мен сараптамалық қорытынды 15 қыркүйекке дейінгі мерзiмде конкурсты ұйымдастырушыға жiберiледi.»;
12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Конкурсқа қатысушылардың материалдарына алдын ала бағалау жүргізу және олар бойынша алдын ала қорытынды дайындау үшін конкурсты ұйымдастырушының шешімімен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы мамандар және өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатарынан Конкурсты ұйымдастырушының комиссиясы құрылады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Конкурсты ұйымдастырушының комиссиясы ұсынылған материалдарды алдын ала бағалауды жүргізгеннен кейін және сараптамалық топтардың сараптамалық қорытындыларын қарапосы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдын ала қорытынды шығарады және конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.»;
көрсетілген Ережеге 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Конкурсқа қатысушы
Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы_____________________________
Заңды мекенжайы _____________________________________________»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы туралы мәліметтер
Қызметкерлердің жалпы саны_____________________________________
Филиалдар саны (болған кезде)____________________________________
Шығарылатын өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) аса маңызды түрлерінің үш атауы), СЭҚ ТН коды ___________________________»;
көрсетілген Ережеге 3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген Ережеге 5-қосымшада:
«Заңды тұлғаның атауы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы»;
кесте мынадай мазмұндағы 10, 11-тармақтармен толықтырылсын:
«
10. Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейі (менеджменттің сертификатталған жүйелерінің болуы)
11. Кәсіпорынның саланың дамуына қосқан үлесі туралы салалық қауымдастықтың бағасы (бар болса)
»;
2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесінде (бұдан әрі – Ереже):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының (бұдан әрі – конкурс) ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады, «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурстарының ұйымдастырушылары облыстар, республикалық маңызы бар қала мен астананың кәсіпкерлер палаталары (бұдан әрі – өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар) болып табылады.»;
көрсетілген Ережеге 1-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Сараптамалық топтардың құрамына жергілікті атқарушы органдардың, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы мамандар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатарынан тағайындалатын төраға, сарапшылар кіреді.»;
15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) алдын ала сараптамалық қорытынды дайындайтын сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы мамандар, өзге де мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатарынан тағайындалатын төраға, оның орынбасары, сарапшылар кіреді.»;
көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Конкурсқа қатысушы туралы мәліметтер
Қызметкерлердің жалпы саны_____________________________________
Филиалдар саны (болған кезде) ____________________________________
Шығарылатын өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) аса маңызды түрлерінің үш атауы, СЭҚ ТН коды____________________________»;
көрсетілген Ережеге 3-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген Ережеге 4-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген Ережеге 5-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 11 наурыздағы
№ 125 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің
«Алтын сапа» сыйлығын алуға
арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну және
алдын ала бағалау ережесіне
1-қосымша
Тіркеу нөмірі__________
Конкурсты ұйымдастырушы –
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын
алуға арналған конкурсқа қатысуға арналған
өтінім
1. Өтінім беруші
Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы
__________________________________________________________________
Мекенжайы ________________________________________________________
Жұмыс істеу кезеңі________________________________________________
2. Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің басшысы
__________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты __________________________________________
Лауазымы _________________________________________________________
Мекенжайы ________________________________________________________
Қызметтік телефоны, факс _________________________________________
3. Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің сипаттамасы
Қызметкерлердің жалпы саны _______________________________________
Филиалдар саны (бар кезде) _______________________________________
Қосымша:
Құжаттар жиынтығы.
Басшының қолы
______ жылғы «__»___________
2 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 11 наурыздағы
№ 125 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің
«Алтын сапа» сыйлығын алуға
арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну және
алдын ала бағалау ережесіне
3-қосымша
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпаратты ұсыну нысаны
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алатын ұйымның атауы
____________________________________________
Р/с №
Көрсеткіштер атауы
Өлшем бірлігі
Алдыңғы 2 жылда
Өсу қарқыны %
Бизнес- жоспар
20__ жылы
20__ жылы
1
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі
млн. тг.
2
Өндірілген өнім көлемі
млн. тг.
3
Өнімдерді жеткізудің жалпы көлемінде экспортқа жеткізудің үлес салмағы
%
4
Экспорттың өсу қарқыны
%
5
Рентабельділігі
%
6
Жұмыс істеушілердің орташа айлық саны
адам
7
Орташа айлық еңбекақы
тг.
Кәсіпорын басшысы___________ _____________
Бас бухгалтер ___________ _____________
3 Тіркеу нөмірі___________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 11 наурыздағы
№ 125 қаулысына
3-қосымша
«Қазақстанның үздік тауары»
өңірлік және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнімді ресімдеу,
ұсыну және алдынала сараптамалық
бағалау ережесіне
1-қосымша
Тіркеу нөмірі___________
Конкурсты ұйымдастырушы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына
Өтінім
1. Өтінім беруші
Конкурсқа қатысушының атауы______________________________________
Мекенжайы________________________________________________________
_________________________________________________________________
Жұмыс істеу кезеңі_______________________________________________
2. Басшы
Тегі, аты, әкесінің аты__________________________________________
Лауазымы ________________________________________________________
Мекенжайы________________________________________________________
Қызметтік телефоны, факс
_________________________________________________________________
3. Конкурсқа қатысушының сипаттамасы
Қызметкерлердің жалпы саны ______________________________________
Филиалдар саны (бар болса) ______________________________________
Қосымша:
1) сауалнама-декларация;
2) сәйкестік сертификаттары мен сапа және қауіпсіздік туралы қорытындылардың
көшірмелері (бар болса);
3) менеджмент жүйесіне арналған сертификаттардың көшірмелері (бар болса);
4) негізгі параметрлер мен сипаттамалардың сандық мәндері көрсетілген өнімнің
негізгі тұтынушылық қасиеттерінің сипаты;
5) конкурсқа қатысушылар өз нәтижелерін және осы көрсеткіштердің өзгеру үрдісін
бағалайтын көрсеткіштер;
6) конкурсқа қатысушылар қызметінің нәтижелері туралы ақпарат.
Басшының қолы
20__ ж. «___» ________
4 Сараптамалық бағалау кестесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 11 наурыздағы
№ 125 қаулысына
4-қосымша
«Қазақстанның үздік тауары»
өңірлік және республикалық
көрме-конкурстарына
ұсынылатын материалдар мен
өнімді ресімдеу, ұсыну және
алдын ала сараптамалық
бағалау ережесіне
3-қосымша
«Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар» номинациясы
Облыс ___________________________________________________________
Ұйым ____________________________________________________________
Өнім ____________________________________________________________
Бұйымның қорытынды балы_________________________________________
Сараптамалық бағалау кестесі
Р/с №
Өлшемдер, талаптар, көрсеткiштер
Сарапшылар (Т.А.Ж.)
Орташа балл
1
2
3
4
1
Отандық аналогпен салыстырғанда тұтыну ерекшелігінің деңгейі (1-10 балл)
2
Өндiрiлетiн өнiм көлемiндегi экспортқа шығарылатын өнiм үлесi (10 % үшiн 1 балл)
3
Өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда конкурсқа ұсынылған өнiмдi өндiру көлемiнiң ұлғаюы (әрбір 10 % үшiн 1 балл)
4
Тұтынушылар, мемлекеттiк бақылаушы органдар сатып алатын ұйымдардың тарапынан сараптамалық-расталған шағымдардың болуы/болмауы (0, 10 балл)
5
Тұтынушылардың, сатып алатын ұйымдардың пiкiрлерi (республиканың әртүрлi өңiрлерiнен және одан тыс жерлерден кемiнде 10 ресми ресiмделген) (0, 10 балл)
6
Өнімдегі жергілікті қамту үлесі (әрбiр 10 % үшiн 1 балл)
7
Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейі (менеджменттің сертификатталған жүйелерінің болуы) (әр сертификат үшін 0, 10 балл)
8
Өнімнің қауіпсіздігін растайтын көрсеткіштер тұрақтылығының деңгейі (сәйкестік сертификаты, сәйкестік декларациясы) (әр сертификат/декларация үшін 0, 10 балл)
9
Өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында компанияның маркетингтік саясатының тиімділігі (1-10 балл)
10
Бұйымды дайындаған кезде қолданылатын инновациялар («ноу-хаудың», өнертабыстың, патенттердің болуы, конструкциялардың жаңалығы) (0, 10 балл)
Бұйымның қорытынды балы (S (сомасы) орт. балл)
Комиссия төрағасы (Т.А.Ж.)______________________________
Сараптамалық топ хатшысы (Т.А.Ж.) ______________________
Сараптамалық топ мүшелері ______________________________
______________________________
5 Сараптамалық бағалау кестесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 11 наурыздағы
№ 125 қаулысына
5-қосымша
«Қазақстанның үздiк тауары»
өңiрлiк және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнiмдi
ресiмдеу, ұсыну және алдын ала
сараптамалық бағалау ережесiне
4-қосымша
«Халық тұтынатын үздiк тауарлар» номинациясы
Облыс ___________________________________________________________
Ұйым ___________________________________________________________
Өнім ____________________________________________________________
Бұйымның қорытынды балы ________________________________________
Сараптамалық бағалау кестесі
Р/с№
Өлшемдер, талаптар, көрсеткiштер
Сарапшылар (Т.А.Ж.)
Орташа балл
1
2
3
4
1
Отандық аналогпен салыстырғанда тұтыну ерекшелігінің деңгейі (1-10 балл)
2
Өндiрiлетiн өнiм көлемiндегi экспортқа шығарылатын өнiм үлесi (10 % үшiн 1 балл)
3
Өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда конкурсқа ұсынылған өнiмдi өндiру көлемiнiң ұлғаюы (әрбір 10 % үшiн 1 балл)
4
Әлеуметтік маңыздылық деңгейі (аналогпен салыстырғанда бағасы және тұтынушылардың түрлі санаты үшін қазақстан нарығындағы қолжетiмдiлiгi) (1-10 балл)
5
Тұтынушылар, мемлекеттiк бақылаушы органдар сатып алатын ұйымдардың тарапынан сараптамалық-расталған шағымдардың болуы/болмауы (0, 10 балл)
6
Тұтынушылардың, сатып алатын ұйымдардың пiкiрлерi (республиканың әртүрлi өңiрлерiнен және одан тыс жерлерден кемiнде 10 ресми ресiмделген) (0, 10 балл)
7
Өнімдегі жергілікті қамту үлесі (әрбiр 10 % үшiн 1 балл)
8
Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейі (менеджменттің сертификатталған жүйелерінің болуы (әр сертификат үшін 0, 10 балл)
9
Өнімнің қауіпсіздігін растайтын көрсеткіштер тұрақтылығының деңгейі (сәйкестік сертификаты, сәйкестік декларациясы) (әр сертификат/декларация үшін 0, 10 балл)
Бұйымның қорытынды балы (S (сомасы) орт.балл)
Комиссия төрағасы (Т.А.Ж.)____________________________
Сараптамалық топ хатшысы (Т.А.Ж.)_____________________
Сараптамалық топ мүшелері_____________________________
____________________________
6 Сараптамалық бағалау кестесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 11 наурыздағы
№ 125 қаулысына
6-қосымша
«Қазақстанның үздiк тауары»
өңiрлiк және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнiмдi
ресiмдеу, ұсыну және алдын ала
сараптамалық бағалау ережесiне
5-қосымша
«Үздiк азық-түлік тауарлары» номинациясы
Облыс ___________________________________________________________
Ұйым ____________________________________________________________
Өнім _____________________________________________________________
Бұйымның қорытынды балы ________________________________________
Сараптамалық бағалау кестесі
Р/с№
Өлшемдер, талаптар, көрсеткiштер
Сарапшылар (Т.А.Ж.)
Орташа балл
1
2
3
4
1
Отандық аналогпен салыстырғанда тұтыну ерекшелігінің деңгейі (1-10 балл)
2
Өндiрiлетiн өнiм көлемiндегi экспортқа шығарылатын өнiм үлесi (10 % үшiн 1 балл)
3
Өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда конкурсқа ұсынылған өнiмдi өндiру көлемiнiң ұлғаюы (әрбір 10 % үшiн 1 балл)
4
Тұтынушылар, мемлекеттiк бақылаушы органдар сатып алатын ұйымдардың тарапынан сараптамалық-расталған шағымдардың болуы/болмауы (0, 10 балл)
5
Тұтынушылардың, сатып алатын ұйымдардың пiкiрлерi (республиканың әртүрлi өңiрлерiнен және одан тыс жерлерден кемiнде 10 ресми ресiмделген) (0, 10 балл)
6
Өнімдегі жергілікті қамту үлесі (әрбiр 10 % үшiн 1 балл)
7
Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейі (менеджменттің сертификатталған жүйелерінің болуы (әр сертификат үшін 0, 10 балл)
8
Өнімнің қауіпсіздігін растайтын көрсеткіштер тұрақтылығының деңгейі (сәйкестік сертификаты, сәйкестік декларациясы) (әр сертификат/декларация үшін 0, 10 балл)
9
Өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында компанияның маркетингтік саясатының тиімділігі (1-10 балл)
10
Бұйымды дайындау кезінде қолданылатын инновациялар («ноу-хаудың», өнертабыстың, патенттердің болуы, конструкциялардың жаңалығы) (0, 10 балл)
Бұйымның қорытынды балы (S (сомасы) орт.балл)
Комиссия төрағасы (Т.А.Ж.)____________________________
Сараптамалық топ хатшысы (Т.А.Ж.)_____________________
Сараптамалық топ мүшелері_____________________________
____________________________