Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2009 года № 2319 "Об утверждении Правил выплаты субсидий из местных бюджетов на поддержку развития животноводства"

Қаулы · № 956 · қабылданған 25.08.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2009-no-2319/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2009 года № 2319 "Об утверждении Правил выплаты субсидий из местных бюджетов на поддержку развития животноводства" Күшін жойған Қаулы ·№ 956 ·25.08.2011
18.02.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2009 года № 2319 "Об утверждении Правил выплаты субсидий из местных бюджетов на поддержку развития животноводства"

Күшін жойған Қаулы ·№ 956 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2009 года № 2319 "Об утверждении Правил выплаты субсидий из местных бюджетов на поддержку развития животноводства"
Атауы (қаз.)
«Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2319 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
956
Қабылданған күні
25.08.2011
Көрсетілген редакция
18.02.2014 AI60271_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.02.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000956
ЭКБ идентификаторы
60271
Редакция идентификаторы
AI60271_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:44

0 «Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2319 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2319 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 64-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесі (бұдан әрі — Ереже) Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі заңдарында, мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламаларда және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерде көзделген бағыттар бойынша облыс бюджетінде 010 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау» және 013 «Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен және оның шегінде мал шаруашылығын дамытуға және Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау тәртібін айқындайды.»;
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтер көрсетушілерге шығындарды 100%-ға дейін өтеу;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) дүлей апаттардан зардап шеккен агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер, банк қызметін жүзеге асыруға құқық беретін тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға берген кредит бойынша сыйақы ставкасының 80%-ына дейін субсидиялау. Бұл ретте субсидиялануға тиіс сыйақы ставкасы субсидиялау бағдарламасына қатысатын барлық агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін бірдей болуға тиіс.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) көрсетілген ұйымдар мен қарыз алушы (агроөнеркәсіптік кешен субъектісі) арасында жасалған кредитті өтеу және ол бойынша пайыздарды төлеу кестесімен қоса, екінші деңгейдегі банктер, банк қызметін жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар растаған кредиттік шарттың және (немесе) алдын ала шарттың көшірмесін.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы