Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2009 года № 2331 "Об утверждении Правил идентификации сельскохозяйственных животных" и от 1 июля 2011 года № 750 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2011 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на организацию и проведение идентификации сельскохозяйственных животных"

Қаулы · № 1146 · қабылданған 07.10.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2009-no-2331-1-2011-no-750-2011/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2009 года № 2331 "Об утверждении Правил идентификации сельскохозяйственных животных" и от 1 июля 2011 года № 750 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2011 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на организацию и проведение идентификации сельскохозяйственных животных" Қолданыста Қаулы ·№ 1146 ·07.10.2011
28.08.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2009 года № 2331 "Об утверждении Правил идентификации сельскохозяйственных животных" и от 1 июля 2011 года № 750 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2011 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на организацию и проведение идентификации сельскохозяйственных животных"

Қолданыста Қаулы ·№ 1146 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2009 года № 2331 "Об утверждении Правил идентификации сельскохозяйственных животных" и от 1 июля 2011 года № 750 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2011 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на организацию и проведение идентификации сельскохозяйственных животных"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 және «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 1 шілдедегі № 750 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1146
Қабылданған күні
07.10.2011
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI60731_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001146
ЭКБ идентификаторы
60731
Редакция идентификаторы
AI60731_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:29

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 және «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 1 шілдедегі № 750 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 680 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2

2) «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 750 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасында:
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Сатып алынатын құлақ жапсырмалар, жануардың жеке нөмірі, сондай-ақ жануарларға арналған ветеринариялық паспорт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесінде (бұдан әрі - Бірдейлендіру ережесі) көрсетілген талаптарға сәйкес болуы, сондай-ақ осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес болуы тиіс.»;
9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссия жеткізілген тауарларды және көрсетілген қызметтерді бағалауды олардың көрсетілуі мен жеткізілуіне қарай жүзеге асырып, кейіннен осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау актісін жасайды.»;
көрсетілген Қағидаға 1-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2011 жылғы 7 қазандағы
№ 1146 қаулысына
1-қосымша

6 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2011 жылғы 7 қазандағы
№ 1146 қаулысына
2-қосымша

7 Сатып алынатын тауарларға сипаттама

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 қазандағы
№ 1146 қаулысына
3-қосымша
Облыстық бюджеттердiң, Астана және
Алматы қалалары бюджеттерiнiң ауыл шаруашылығы
жануарларын бiрдейлендiрудi ұйымдастыру мен
жүргiзуге 2011 жылғы республикалық бюджеттен
берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi
пайдалану қағидасына
1-қосымша
Сатып алынатын тауарларға сипаттама

Та­у­ар­дың ата­уы
Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы (си­па­ты)
1
2
3
1.
Түй­е­лер­ге ар­нал­ған құ­лақ жап­сыр­ма­ла­ры
Құ­лақ жап­сыр­ма­ла­ры және олар­да­ғы жа­ну­ар­дың же­ке нө­мiрi Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2009 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы № 2331 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бiр­дей­лен­дi­ру ере­же­сiн­де көр­сетiл­ген iрi жа­ну­ар­лар­ға (iрi қа­ра мал, түйе) ар­нал­ған та­лап­тар­ға сәй­кес бо­луы тиiс.
2.
Ұсақ мал­ға, шош­қа­ға ар­нал­ған құ­лақ жап­сыр­ма­ла­ры
Құ­лақ жап­сыр­ма­ла­ры және олар­да­ғы жа­ну­ар­дың же­ке нө­мiрi Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2009 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы № 2331 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бiр­дей­лен­дi­ру ере­же­сiн­де көр­сетiл­ген ұсақ жа­ну­ар­лар­ға (ұсақ мал, шош­қа) ар­нал­ған та­лап­тар­ға сәй­кес бо­луы тиiс.
3.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт­тар
1. Ве­те­ри­на­ри­я­лық-пас­порт Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2009 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы № 2331 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бiр­дей­лен­дi­ру ере­же­сiнiң та­лап­та­ры­на сәй­кес бо­луы тиiс.
2. Ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт­тың мөл­шер­ле­рі мы­на­дай бо­луы тиiс: ұзынды­ғы 20±1 см, биiк­тi­гi 15±1 см. Мұ­қа­ба­сы: тығ­ы­зды­ғы – 280, жы­л­тыр, тү­стiлi­гi 4+0. Iш­кi па­рақ­та­ры: ксе­рокс қа­ға­зы, тү­стiлi­гi 1+1, оф­сет­тiк бас­па.
Бiрiн­шi бетi, яғ­ни бет­кi жа­ғы­ның ор­та­сын­да мем­ле­кет­тiк тiл­де «Ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт» және орыс тiлiн­де «Ве­те­ри­нар­ный пас­порт» де­ген ата­уы, тө­мен­гi сол жа­ғын­да мем­ле­кет­тiк және орыс
тiл­дерiн­де _______ аудан/рай­он (қа­ла/го­род) және ___________ об­лыс/об­ласть көр­сетiлуi тиiс.
Екiн­шi бет Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2009 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы № 2331 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бiр­дей­лен­дi­ру ере­же­сiнiң 4-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес мем­ле­кет­тiк және орыс тiл­дерiн­де­гi жал­пы мәлi­мет­тер­ден тұ­ра­ды.
Үшiн­шi және ке­лесi бет­тер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2009 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы № 2331 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бiр­дей­лен­дi­ру ере­же­сiнiң 4-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес мем­ле­кет­тiк және орыс тiл­дерiн­де кесте түрiн­де ба­ған­дар­ға бөлiн­ген.
Бар­лы­ғы 20-бет­тен кем бол­мауы тиiс.
4.
Жа­ну­ар­лар­ға бiр­дей­лен­дi­ру жүр­гiзу­ге ар­нал­ған ап­па­рат (таң­ба)
Жа­ну­ар­лар­ды бiр­дей­лен­дiру­ге ар­нал­ған ап­па­рат (таң­ба) жыл­қы­лар­ды ыстық және суық таң­ба­ла­у­ға ар­нал­ған жиын­тық­тар­дан тұ­ра­ды:
1. Жыл­қы­лар­ды суық­тай таң­ба­ла­у­ға ар­нал­ған жиын­тық мы­на­лар­дан тұ­ра­ды: цифр­лар мен әрiп­тер­ге ар­нал­ған мат­ри­ца­дан; ке­мiн­де 70 см жы­лу өт­кiз­бей­тiн тұт­қа­сы бар мат­ри­ца­ға бекiтiлетiн тұт­қа­дан; цифр­лық сим­вол­дар жиын­тығы 0, 1, 2, 3,4, 5, 6, 7, 8, 9; әрiп­тiк сим­вол­дар жиын­тығы К, С, В, D, Е, F, Н, L, Р, М, N, R, S, Т, X, A, Z. Цифр­лар мен әрiп­тер­дiң мөл­шер­лерi стан­дарт­ты
2. Жыл­қы­лар­ды ыстық­тай таң­ба­ла­у­ға ар­нал­ған жиын­тық­тың мы­на­дай цифр­лық сим­вол­дар­дан: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және әрiп­тiк сим­вол­дар­дан К, С, В, D, E, F, H, L, P, M, N, R, S, Т, X, A, Z тұ­ра­ды. Ере­сек жа­ну­ар­лар­ға ар­нал­ған таң­ба­ның кө­ле­мi: биiк­тi­гi 8 см, енi 5 см; төл­дер үшiн: биiк­тi­гi 5 см, енi 3 см.
Ыстық таң­ба­ла­у­ға ар­нал­ған таң­ба енi 18-30 мм, қа­лыңды­ғы 3 мм бетi те­гiс жал­пақ те­мiр­ден дай­ын­да­ла­ды. Тұ­тқа­ның ұзынды­ғы ке­мiн­де 70 см, жы­лу өт­кiз­бей­тiн тұт­қа­сы бар.

Қолданыстағы