О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2009 года № 2331
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2009 года № 2331
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 374
- Қабылданған күні
- 30.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI52204_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P100000374_
- ЭКБ идентификаторы
- 52204
- Редакция идентификаторы
- AI52204_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:15
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесінде:
5-тармақта:
1) тармақшадағы «ауыл шаруашылығы құрылымдарында және шаруа (фермер) қожалықтарында ұсталатындарды қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) чиптау (электрондық бірдейлендіру түрі) (ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері).»;
6-тармақтың үшінші абзацындағы «чипты терінің астына енгізу жолымен» деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақтағы «литерлік» деген сөз «сандық» деген сөзбен ауыстырылсын;
18-тармақтың 3) тармақшасындағы және 21-тармақтың бірінші абзацындағы «немесе таңба салуды» деген сөздер алып тасталсын;
20-тармақтағы «, таңба салу» деген сөздер алып тасталсын;
көрсетілген Ереженің 1-қосымшасында:
Ауыл шаруашылығы жануарларының литерлік кодтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауыл шаруашылығы жануарларының сандық коды
1 - ірі қара мал
2 - қой мен ешкі
3 - шошқа
4 - жылқы
5 — түйе»;
көрсетілген Ереженің 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
3 Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жапсырмалардың нысандары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 30 сәуірдегі
№ 374 қаулысына
қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру ережесіне
2-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жапсырмалардың нысандары
(Суретті қағаз мәтінінен қараңыз)
Ірі жануарларға арналған жапсырмалардың бет жағында штрих код болуы тиіс. Штрих кодпен жануардың жеке нөмірі кодталған.
Таңбаның мөлшері: кәрі мал үшін - биіктігі 8 см, ені 5 см; жас төлдер үшін биіктігі - 5 см, ені 3 см. Ыстықпен таңбалау үшін ені 18-30 мм, қалыңдығы 3 мм жалпақ тегіс темірден таңба дайындалады. Суықпен таңбалаған кезде стандартты өлшемдегі сан пайдаланылады.