О внесении изменений в решение Степногорского городского маслихата от 31 марта 2009 года № 4С-18/8 "Об утверждении стоимости разовых талонов и ставок фиксированного налога в городе Степногорске и поселках"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Степногорского городского маслихата от 31 марта 2009 года № 4С-18/8 "Об утверждении стоимости разовых талонов и ставок фиксированного налога в городе Степногорске и поселках"
- Атауы (қаз.)
- Степногорск қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 4С-18/8 "Степногорск қаласы және кенттердегі бір жолғы талон мен белгіленген салық мөлшерлемесінің құн көлемін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4С-45/4
- Қабылданған күні
- 04.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2013 61738_193646.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11BB000150
- ЭКБ идентификаторы
- 61738
- Редакция идентификаторы
- 61738_193646
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:17
0 Степногорск қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 4С-18/8 "Степногорск қаласы және кенттердегі бір жолғы талон мен белгіленген салық мөлшерлемесінің құн көлемін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 422 бабының 2 тармағына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласы және кенттердегі бір жолғы талон мен белгіленген салық мөлшерлемесінің құн көлемін бекіту туралы» 2009 жылғы 31 наурыздағы № 4С-18/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-111 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 мамырда «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Степногорск қаласы және кенттерде бір жолғы талондардың құнын және тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы»;
көрсетілген шешімнің 3 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Степногорск қаласының әкімі А.Никишов
«Степногорск қаласы бойынша
Салық басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Д.Бекболатов
3 Степногорск қалалық
мәслихатының 2011 жылғы
4 қарашадағы № 4С-45/4
шешіміне қосымша
Степногорск қалалық
мәслихатының 2009 жылғы
31 наурыздағы № 4С-18/8
шешіміне 3 қосымша
Тіркелген салық ставкалары
р/с
№
Салық салу объектісінің атауы
Айында (айлық есептік көрсеткішімен) салынатын тіркелген салық ставкасының мөлшері
1
Бильярд үстелі
5
2
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
1
3
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
1
4
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
5
Ойын жолы
15
6
Карт
2