Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 31 марта 2010 года N 26/23 "Об утверждении "Правил предоставления жилищной помощи на территории города Павлодара"

Ереже · № 238/32 · қабылданған 24.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2010-n-2623/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 31 марта 2010 года N 26/23 "Об утверждении "Правил предоставления жилищной помощи на территории города Павлодара" Күшін жойған Ереже ·№ 238/32 ·24.02.2014
14.06.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.06.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 31 марта 2010 года N 26/23 "Об утверждении "Правил предоставления жилищной помощи на территории города Павлодара"

Күшін жойған Ереже ·№ 238/32 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 31 марта 2010 года N 26/23 "Об утверждении "Правил предоставления жилищной помощи на территории города Павлодара"
Атауы (қаз.)
Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы "Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын" бекіту туралы N 26/23 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
238/32
Қабылданған күні
24.02.2014
Көрсетілген редакция
14.06.2017 78154_200565.kaz
Соңғы өзгеріс
14.06.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14PA003738
ЭКБ идентификаторы
78154
Редакция идентификаторы
78154_200565
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:46

0 Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы "Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын" бекіту туралы N 26/23 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 қаулысына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы "Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын" бекіту туралы" № 26/23 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-1-156 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 мамырдағы № 20 "Шаһар" газетінде және 2010 жылғы 17 мамырдағы № 19, 2010 жылғы 24 мамырдағы № 20 "Версия" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар қаласының аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету қағидасындағы 1, 2, 5, 13, 24 тармақтары жана редакцияда баяндалсын:
"1. Тұрғын үй көмегі – бұл Павлодар қаласының аумағында орналасқан, осы тұрғын үйде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекетпен ұсынылатын төлемдер:
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.";
"2. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша, тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";
"5. Кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.";
"13. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2 2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;

3 3) өтініш берушінің Павлодар қаласының аумағында тіркелімін растайтын құжат;

4 4) отбасы табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасының азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;

5 5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

6 6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

7 7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

8 8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.";
"24. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.";

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы