Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 марта 2010 года № 132 "Об утверждении Требований, предъявляемых к соответствию состояния здоровья лиц для службы в органах внутренних дел"

Бұйрық · № 70 · қабылданған 25.01.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2010-no-132-ekb-100146/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 марта 2010 года № 132 "Об утверждении Требований, предъявляемых к соответствию состояния здоровья лиц для службы в органах внутренних дел" Күшін жойған Бұйрық ·№ 70 ·25.01.2016
13.11.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 марта 2010 года № 132 "Об утверждении Требований, предъявляемых к соответствию состояния здоровья лиц для службы в органах внутренних дел"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 70 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 марта 2010 года № 132 "Об утверждении Требований, предъявляемых к соответствию состояния здоровья лиц для службы в органах внутренних дел"
Атауы (қаз.)
"Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
70
Қабылданған күні
25.01.2016
Көрсетілген редакция
13.11.2020 100146_493766.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013446
ЭКБ идентификаторы
100146
Редакция идентификаторы
100146_493766
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:55

0 «Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 60-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6175 болып тіркелген, Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында № 13 болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарда:
1-тармақтың 2) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің жедел ден қою, айдауылдау қызметкерлері»;
1-тармақтың 4) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері (жедел ден қою, айдауылдау қызметкерлерінен басқа)».
Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын Талаптардағы 87-қосымшаның үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ағзасы және қоректенуі, пропорциялық дене бітімі жақсы дамыған қызметке орналасушылар мына жағдайларда қатардағы және басшы құрам адамдары лауазымына қызметке жарамды деп танылады:
I, III, IV бағандары бойынша куәландырылушылар бойы кемінде 170 см (әйелдер үшін 160 см);
ІІ баған бойынша куәландырылушылар бойы кемінде 170 см (әйелдер үшін 165 см), жол-патрульдік полициясының саптық бөліністерінің қызметкерлері бойы кемінде 175 см (әйелдер үшін 165 см), мемлекеттік өртке қарсы қызметке (тікелей өрт сөндіруге қатысатындар) бойы кемінде 165 см, дене салмағының индексі кемінде 19 кг/м2;
I, ІІ, III, IV бағандары бойынша куәландырылушылар прокуратура, мемлекеттік кірістер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі, өртке қарсы қызмет және ішкі істердің қылмыстық-атқару жүйесі үшін бойы кемінде 165 см (әйелдер үшін – 160 см), ішкі істер органдарына қызметке түсетіндер және кандидаттар үшін, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің жоғары оқу орындарына түсетіндер үшін бойы кемінде 170 см (әйелдер үшін 160 см), ДМИ кемінде 18,5 кг/м2».

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясы басқармасының бастығы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін жолдауды;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3), және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясына (Н.Ш. Исабеков) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________Т. Дүйсенова
2016 жылғы 16 ақпан

Қолданыстағы