Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 марта 2010 года № 132 «Об утверждении Требований, предъявляемых к соответствию состояния здоровья лиц для службы в органах внутренних дел»

Бұйрық · № 560 · қабылданған 20.06.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2010-no-132-ekb-132734/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 марта 2010 года № 132 «Об утверждении Требований, предъявляемых к соответствию состояния здоровья лиц для службы в органах внутренних дел» Күшін жойған Бұйрық ·№ 560 ·20.06.2019
13.11.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 марта 2010 года № 132 «Об утверждении Требований, предъявляемых к соответствию состояния здоровья лиц для службы в органах внутренних дел»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 560 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 марта 2010 года № 132 «Об утверждении Требований, предъявляемых к соответствию состояния здоровья лиц для службы в органах внутренних дел»
Атауы (қаз.)
«Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
560
Қабылданған күні
20.06.2019
Көрсетілген редакция
13.11.2020 132734_493774.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018906
ЭКБ идентификаторы
132734
Редакция идентификаторы
132734_493774
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:27

0 «Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы

жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6175 болып тіркелген, Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың актілер жинағында 2007 жылғы
7 тамызда № 13 санымен жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі облыстардың, республикалық маңызы бар қалаларының Полиция департаменттері округтік әскери-дәрігерлік комиссияларының төрағалары өз жұмысында осы Талаптарды басшылыққа алсын.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын Талаптарда:
1-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) I баған:
әкімшілік функцияларды жүзеге асыратын қызметтердің басшылары;
криминалдық полиция, жедел-іздестіру қызметтерінің, есірткі қылмысына, экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі (ашық ауада қызмет атқаратын адамдардан басқа) қызметкерлері;
әкімшілік полиция бөліністерінің қызметкерлері;
объектілердегі полицияның арнайы қызметтерінің (ашық ауада қызмет атқаратын адамдардан басқа) қызметкерлері;
кезекші бөлімдердің қызметкерлері;
қылмыстық-атқару жүйесі органдарының (мекемелерінің) қызметкерлері;
жүргізуші-қызметкерлер (жедел автокөліктің жүргізуші - қызметкерлерінен басқа);
жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы бойынша нұсқаушылар;
фельдъегерлік қызмет бөліністерінің қызметкерлері;
әкімшілік полицияның әкімшілік практика және тіркеу-емтихан қызметтерінің қызметкерлері;
әскери-жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс бөліністерінің қызметкерлері;
өзіндік қауіпсіздік бөліністерінің қызметкерлері;
кинологиялық қызмет бөліністерінің қызметкерлері;
кавалерист полицейлер;
көші-қон қызметі бөліністерінің қызметкерлері;
2) II баған:
ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бөліністердің қызметкерлері;
арнайы бөліністердің қызметкерлері («Сұңқар», «Арлан» жылдам қимылдайтын арнайы жасақ (бұдан әрі - ЖҚАЖ));
азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері (өртті сөндіруге тікелей катысатын);
полицияның патрульдік қызметінің саптық бөліністерінің (ашық ауада қызмет өткеретін) қызметкерлері;
режимдік объектілерді күзету және арнайы жүктерге ілесіп жүру жөніндегі саптық бөліністердің қызметкерлері;
жедел автокөліктің жүргізуші-қызметкерлері;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің жедел ден қою, айдауылдау қызметкерлері;
қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметінің жедел ден қою қызметкерлері;
«Интерпол» бөліністерінің қызметкерлері;
жедел қызметкерлер (ашық ауада қызмет атқаратын);
жедел ден қою бөліністерінің қызметкерлері (жазғы құрам);»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) IV баған:
кадр, штаб бөліністерінің қызметкерлері;
екінші арнайы бөлімдердің, арнайы тасымалдау бөлімдерінің қызметкерлері;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері (жедел ден қою, айдауылдау қызметкерлерінен басқа);
қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері (жедел ден қою қызметкерлерінен басқа);
барлық атаудағы техниктер.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссия басқармасы (М.Ш. Ниязов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күні ішінде оны оны ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына жариялауды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
2019 жылғы «___» ______________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
2019 жылғы «___» ______________

Қолданыстағы