О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 марта 2010 года № 132 "Об утверждении Требований, предъявляемых к соответствию состояния здоровья лиц для службы в органах внутренних дел"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 марта 2010 года № 132 "Об утверждении Требований, предъявляемых к соответствию состояния здоровья лиц для службы в органах внутренних дел"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 "Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 604
- Қабылданған күні
- 15.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 13.11.2020 61908_493764.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100007327
- ЭКБ идентификаторы
- 61908
- Редакция идентификаторы
- 61908_493764
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:09
0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 "Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Денсаулық көрсеткіштері бойынша ішкі істер органдары кадрларының сапалық құрамын жақсарту үшін БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 «Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 сәуірде № 6175 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және басқа орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында жарияланған, 2010 жыл, 7 тамыз, № 13) бұйрығына мынадай өзгерістер:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулық жағдайы сәйкестігіне қойылатын Талаптарда:
87-қосымшада төртінші және бесінші абзацтар мына редакцияда жазылсын:
«ІІ баған бойынша куәландырылушылар бойы кемінде 170 см (әйелдер үшін 165 см), жол полициясының саптық бөліністерінің қызметкерлері бойы кемінде 175 см (әйелдер үшін 165 см), ДМИ кемінде 19 кг/м2»;
I, III, IV бағандары бойынша куәландырылушылар прокуратура, қаржы полициясы органдары, кеден органдары, өртке қарсы қызмет, ішкі істер қылмыстық–атқару жүйесі үшін бойы кемінде 165 см (әйелдер үшін – 160 см), ішкі істер органдарына қызметке түсетіндер және кандидаттар үшін, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің жоғары оқу орындарына түсетіндер үшін бойы кемінде 170 см (әйелдер үшін 160 см), ДМИ кемінде 18,5 кг/м2 ».
тоғызыншы абзац мына редакцияда жазылсын:
«Осы талаптардың I, III, IV бағандарына жатқызылған қатардағы және басшы құрам адамдары лауазымдарынан ІІ баған бойынша лауазымдарға ауысқан кезде мыналар міндетті түрде ескерілсін: бойы кемінде 170 см (әйелдер 165 см), жол полициясының саптық бөліністерінің қызметкерлері лауазымына бойы кемінде 175 см (әйелдер үшін 165 см)».
2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаментіне (Н.Қ. Нұрғазин) жүктелсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті (Н.Қ. Нұрғазин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
__________________ С. Қайырбекова