Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 марта 2010 года № 132 "Об утверждении Требований, предъявляемых к соответствию состояния здоровья лиц для службы в органах внутренних дел Республики Казахстан"

Бұйрық · № 886 · қабылданған 10.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2010-no-132-ekb-86065/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 марта 2010 года № 132 "Об утверждении Требований, предъявляемых к соответствию состояния здоровья лиц для службы в органах внутренних дел Республики Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ 886 ·10.12.2014
13.11.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 марта 2010 года № 132 "Об утверждении Требований, предъявляемых к соответствию состояния здоровья лиц для службы в органах внутренних дел Республики Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 886 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 марта 2010 года № 132 "Об утверждении Требований, предъявляемых к соответствию состояния здоровья лиц для службы в органах внутренних дел Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
886
Қабылданған күні
10.12.2014
Көрсетілген редакция
13.11.2020 86065_493768.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14C0010102
ЭКБ идентификаторы
86065
Редакция идентификаторы
86065_493768
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:38

0 "Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 60-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6175 болып тіркелген, Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында № 13 болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарда:
1-тармақтың 1) тармақшасының он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметінің жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын қызметкерлері;»;
1-тармақтың 2) тармақшасының оныншы абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметінің тергеу қызметін жүзеге асыратын қызметкерлері;»;
1-тармақтың 2) тармақшасының он бірінші абзацы алынып тасталсын;
1-тармақтың 3) тармақшасының он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметінің талдау және профилактикалық жұмыс бөліністерінің қызметкерлері»;
1-тармақтың 3) тармақшасының он екінші абзацы алынып тасталсын;
Талаптардың 87-қосымшасы төртінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
I, III, IV бағандары бойынша куәландырылушылар прокуратура, мемлекеттік кірістер, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары, өртке қарсы қызмет, ішкі істердің қылмыстық-атқару жүйесі үшін бойы кемінде 165 см (әйелдер үшін – 160 см), ішкі істер органдарына қызметке түсетіндер және кандидаттар үшін, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің жоғары оқу орындарына түсетіндер үшін бойы кемінде 170 см (әйелдер үшін 160 см), ДМИ кемінде 18,5 кг/м2.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті (А.І. Балтағұлов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаментіне (А.І. Балтағұлов) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
____________ Т. Дүйсенова
2014 жылғы 24 желтоқсан

Қолданыстағы