Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1494 "Об утверждении Правил ведения государственного кадастра месторождений и проявлений полезных ископаемых"

Қаулы · № 1764 · қабылданған 29.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2010-no-1494-ekb-69913/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1494 "Об утверждении Правил ведения государственного кадастра месторождений и проявлений полезных ископаемых" Күшін жойған Қаулы ·№ 1764 ·29.12.2012
21.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1494 "Об утверждении Правил ведения государственного кадастра месторождений и проявлений полезных ископаемых"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1764 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1494 "Об утверждении Правил ведения государственного кадастра месторождений и проявлений полезных ископаемых"
Атауы (қаз.)
"Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1494 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1764
Қабылданған күні
29.12.2012
Көрсетілген редакция
21.07.2015 AI69913_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001764
ЭКБ идентификаторы
69913
Редакция идентификаторы
AI69913_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:05

0 "Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1494 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1494 қаулыcына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 133-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасында:
5, 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік кадастрда есепке алуға мыналар жатады:
мемлекеттік теңгерімдерде есепке алынған пайдалы қазбалар қоры бар кен орындары;
пайдалы қазбалар қоры пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімінің есебінен алынған кен орындары;
ірі кен орындарының геологиялық және кеңістік жағынан оқшауланған учаскелері;
игерілетін кен орындарына өнеркәсіптік талаптарды қанағаттандыратын сапа жағынан (бағалы құрамдастарының болуына қарай) пайдалы қазбалардың кемінде бір бөлігінің (иірімі) болуы белгіленген қатты пайдалы қазбалардың көрініс белгілері;
барлық жерасты сулары түрлерінің кен орындары, сондай-ақ көп дебитті бастаулар түрінде көрініс тапқан емдік балшықтар кен орындары;
пайдалы қазбалар қорлары С2 санаты бойынша бағаланған іздеу жұмыстарының перспективалы учаскелері;
мұнай-, газ көрініс белгілері;
геохимиялық элементтердің шашырау ореолдары, геофизикалық ауытқулар, геофизикалық құрылымдар, жерасты суларының көрініс белгілері.
6. Паспорттар мынадай нысандардағы арнайы бланкілерде жасалады:
А – металл пайдалы қазбалар кен орындары;
Б – металл емес пайдалы қазбалар кен орындары;
В – ұсақтау жыныстары бар кен орындары;
Г – қатты пайдалы қазбалар, мұнай және газ көрініс белгілері;
Д – мұнай мен газ кен орындары;
Е – көмір және жанар тақтатастар кен орындары;
Ж – гидроминералдық шикізат кен орындары;
3 – жерасты суларының кен орындары;
И – емдік балшық кен орындары.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Геохимиялық элементтердің шашырау ореолдарын, геофизикалық ауытқуларды, геофизикалық құрылымдарды есепке алу парақтары (бұдан әрі – есепке алу парақтары) және жерасты суларының көрініс белгілерін есепке алу карточкалары (бұдан әрі – есепке алу карточкалары) арнайы нысандардағы бланкілерде жасалады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Паспорттар, есепке алу парақтары мен есепке алу карточкалары индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасында кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулық талаптарына сәйкес толтырылады.»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Есепке алу парақтары мен есепке алу карточкаларын толтыруды меншік нысандары мен жұмыстарды қаржыландыру көздеріне қарамастан, барлық жер қойнауын пайдаланушылар келісімшарт аумағында іздеу жұмыстарының нәтижесінде геохимиялық элементтердің шашырау ореолдарын, геофизикалық ауытқуларды, геофизикалық құрылымдарды және жерасты суларының көріністерін анықтаған жағдайда жүргізеді.
Есепке алу парақтарын және есепке алу карточкаларын жер қойнауын пайдаланушы үш данада жасайды және геологиялық есеппен бірге екеуін ӨД-ге жібереді, үшіншісін жер қойнауын пайдаланушы өзінде сақтайды.
ӨД есепке алу парағын немесе есепке алу карточкасын тексергеннен кейін оның бір данасын уәкілетті органға жібереді.»;
9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Уәкілетті орган келіп түскен паспорттарды, есепке алу парақтары мен есепке алу карточкаларын мемлекеттік кадастрға енгізеді және:».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы