Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1511 «Об утверждении Правил субсидирования авиамаршрутов»

Қаулы · № 722 · қабылданған 08.11.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2010-no-1511-ekb-115920/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1511 «Об утверждении Правил субсидирования авиамаршрутов» Қолданыста Қаулы ·№ 722 ·08.11.2017
08.11.2017 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1511 «Об утверждении Правил субсидирования авиамаршрутов»

Қолданыста Қаулы ·№ 722 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1511 «Об утверждении Правил субсидирования авиамаршрутов»
Атауы (қаз.)
«Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
722
Қабылданған күні
08.11.2017
Көрсетілген редакция
08.11.2017 115920_255661.kaz
Соңғы өзгеріс
08.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1700000722
ЭКБ идентификаторы
115920
Редакция идентификаторы
115920_255661
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:20

0 «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 145-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Белгілі бір рейстегі пайдалану шығыстары азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған тәртіппен есептеледі.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) егер өңірдің дамуы үшін маршруттың әлеуметтік-маңызды сипаты болса, астананы, республикалық маңызы бар қалаларды және облыс орталықтарын туристiк қызмет объектiлерiмен және республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен байланыстыратын авиамаршруттар.»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Авиамаршруттарды субсидиялауға бөлінген ақшалай қаражаттарды тиімді пайдалану мақсатында (тұрақты авиамаршруттарды бюджеттік субсидиялау шартының шеңберінде тараптардың келісімі бойынша) субсидиялауға жататын нақты сома авиамаршруттар бойынша жоспарланған субсидиялар мөлшеріне қарағанда азайған немесе артқан жағдайда:
рейстерді орындалу жиілігін өзгертуге;
жергілікті атқарушы органдардың өтініші негізінде жолаушылар легін ұлғайту және маршрутты коммерциялық негізге ауыстыру мақсатында тарифті өзгертуге;
тасымалдаушылармен келісу бойынша жылдық жалпы сома шегінде авиамаршруттар бағыттары бойынша субсидияларды қайта бөлуге жол беріледі.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы