Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1511 «Об утверждении Правил субсидирования авиамаршрутов»

Қаулы · № 698 · қабылданған 05.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2010-no-1511-ekb-228516/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1511 «Об утверждении Правил субсидирования авиамаршрутов» Қолданыста Қаулы ·№ 698 ·05.08.2026
05.08.2026 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1511 «Об утверждении Правил субсидирования авиамаршрутов»

Қолданыста Қаулы ·№ 698 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1511 «Об утверждении Правил субсидирования авиамаршрутов»
Атауы (қаз.)
«Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
698
Қабылданған күні
05.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
05.08.2026
Көрсетілген редакция
05.08.2026 I228516_0.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2600000698
ЭКБ идентификаторы
228516
Редакция идентификаторы
I228516_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
07.08.2026 03:30

0 «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидаcын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Авиамаршруттарды субсидиялау қағидаcы мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Авиамаршруттарды субсидиялау мемлекеттік қолдау шарасы болып табылады және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қалыптастыратын жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Тізілімді жүргізуді техникалық сүйемелдеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, жалғыз акционері мемлекет болып табылатын заңды тұлға (бұдан әрі – тіркеуші) жүзеге асырады.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының пайдаланылуы мен оларды алушыларды мониторингтеуді техникалық сүйемелдеуді тіркеуші жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі шеңберінде жүзеге асырады, ол мынаны қамтиды:
1) бірінші деңгей – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылар өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын, екінші деңгейдегі жүйелермен интеграцияланған тіркеу жүйесі, онда түпкілікті форматтан кейінгі логикалық бақылау арқылы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының пайдаланылуы мен оларды алушыларға мониторинг жүргізу қағидалары шеңберінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын базалық талаптарға сәйкестігі айқындалады;
2) екінші деңгей – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан өтінім қабылдау, оларды форматтық-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беру солар арқылы жүзеге асырылатын салалық мемлекеттік немесе мемлекеттік емес цифрлық жүйелер.
Екінші деңгейдегі цифрлық жүйелер жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ тіркеушінің дербес деректерді жинауына, өңдеуіне, сақтауына, түсіруіне және пайдалануына келісімін алуды қамтамасыз етеді.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі арқылы жүргізілген мониторингтің қорытындылары кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шарасы тізілімге енгізілмесе, онда қолдау көрсетілмейді.».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы