О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1524 "Об утверждении нормативов и требований к материалам и веществам, необходимым для проведения работ по очистке моря"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1524 "Об утверждении нормативов и требований к материалам и веществам, необходимым для проведения работ по очистке моря"
- Атауы (қаз.)
- "Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қажетті материалдар мен заттарға қойылатын нормативтерді және талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1524 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 62
- Қабылданған күні
- 30.01.2013
- Көрсетілген редакция
- 21.08.2015 AI70721_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000062
- ЭКБ идентификаторы
- 70721
- Редакция идентификаторы
- AI70721_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:51
0 "Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қажетті материалдар мен заттарға қойылатын нормативтерді және талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1524 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қажетті материалдар мен заттарға қойылатын нормативтерді және талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1524 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 12, 154-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қажетті материалдар мен заттарға қойылатын нормативтерде және талаптарда:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Егер мұнайдың төгілген мөлшері оқиға болған жердегі абсорбенттердің мүмкіндігінен асып түссе, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған әр теңіз құрылысы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес кең диапазонды диспергенттермен, сондай-ақ мұнайды уақытша сақтау қоймасына жинауға мүмкіндік беретін мұнай жинауға арналған материалдармен, тасымалдау және қауіпсіз жерде жағу үшін пластикалық қапшықтармен немесе герметикалық контейнерлермен (астаулармен) жабдықталады.».
10-тармақтың 5), 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) 1 және 2-деңгейлі төгілулерді жою үшін жеткілікті, сондай-ақ өзінің және жағалық ден қою базасынан қосымша күштер мен құралдар келгенге дейін 3-деңгейлі мұнай төгілуін оқшаулауды қамтамасыз ететін материалдардың, заттар мен жабдықтардың отыз минуттық қол жетімділік шегінде болуы;
6) 1 және 2-деңгейлі мұнай төгілулерін жою үшін жақын жердегі ден қою базасында орналасқан материалдар мен заттарды жабық құрғақ үй-жайда сақтау.».