О внесении изменений в решение районного маслихата от 31 марта 2010 года № 182 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Мугалжарском районе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 31 марта 2010 года № 182 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Мугалжарском районе"
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 31 наурыздағы № 182 "Мұғалжар ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 130
- Қабылданған күні
- 25.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2017 76563_280633.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13CI003733
- ЭКБ идентификаторы
- 76563
- Редакция идентификаторы
- 76563_280633
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:22
0 Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 31 наурыздағы № 182 "Мұғалжар ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» қаулысына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 182 «Мұғалжар ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-119 санымен тіркелген, 2010 жылы 21 сәуірде аудандық «Мұғалжар» газетінің № 17 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген, Мұғалжар ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:
1 тармақтың 1) тармақшасының бесінші азат жолы;
2 тармақтың екінші және үшінші азат жолдарындағы «, тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есептейтін және бақылайтын, дәлдік класы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептегіштің құнына» сөздері;
3 тармақта «тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік класы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептеуіштің құнына шығындарының орнын толтыру үшін,» сөздері;
10 тармағындағы «, тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік класы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептеуіштің құнына шығындарына» сөздері 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап алынып тасталсын.